Білікті басшылардың біртүрлі әдеттері
Әлемде бай болу және білікті басшы болу бар. Себебі жай ғана бай болу аздық етеді. Абыройды да қатар алып жүру керек. Сіздерге әлемдегі ең білікті басшылардың біртүрлі әдеттерін ұсынып отырмыз. Біртүрлі дейтініміз...
«Pop» компаниясының басшысы – Стерлинг Вилсон
«Мен оянамын да, басқа адамдар секілді бірінші қолыма телефонымды аламын. Бірақ мен ауа-райын, әлеуметтік желіні, хабарламаларды қарамаймын. Мен музыка қосып, оны жуынатын бөлмеге барғанша тыңдап барамын. Бұл менің сергек тұруыма көмектеседі».
Кіші бизнес орталығының басшысы – Билл Уэйд
«Мен егіз мысығыма бес минут уақытымды бөлемін. Олардың аты: Зигги және Марли».
Paint Nite компаниясының басшысы – Дэниел Херманн
«Мен оянған соң тағы да жиырма минут жатамын. Бұл жиырма минутта мен кешегі күнді еске аламын. Қай жерден қателестім және бүгін қай жерден сүрінбеу керектігін ойланам».
Los York компаниясының басшысы – Декс Деборе
«Мен орнымнан тұрған кезде Супермен секілді тұрамын. Дәл соның тұрысымен».
Электронды коммерциялық қаржы орталығының басшысы – Пол Сондерс
«Мен күнде таңертең сағат 4:00-де тұрамын. Тіпті бір минут қалмайды және кетпейді».
Дереккөз: massaget.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!