Жарыңыз жалқау болса...
Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия иегері, Психологтардың Қазақ Ассоциация мүшесі, «Жан шуағы» психологиялық орталығының директоры,психолог-практик Елшібаева Күлмаш Ғалымжанқызы
О баста үйленгенде көп жастар бір-бірінің мінез-құлқы мен қабілетіне мән беріп жатпайды. Бір-бірінің тәтті сөздеріне ғана еліткен жас « үйлену оңай, үй болудың өте қиын» екендігін ұмытып, шаңырақ көтереді де, уақыт өте келе бұрын байқалмаған кемшіліктеріне шыдай алмай ажырасып кетеді. Үйдегі ұрыс-керіс те көбіне осындай кемшіліктерден туындайды. Осыдан барып «жұрттың Ыбырайы-Ыбырай, біздің Ыбырай...» немесе «қыз кезінде бәрі жақсы»деген сөз тіркестері еріксіз ауыздан шығады. Мүмкін, осының барлығын осының барлығын өзіміз қолдан жасап жатқан болармыз?! Олай болса талдау жасап көрейік. Осындай жағдайда пайда болатын түйінді мәселелер мынандай болмақ.
Еркек ештеңемен айналысқысы келмейді. Әйелдің айтқанының барлығын ұйықтап отырған адамша айдалаға жібереді немесе ашықтан-ашық қарсылық білдіріп, сыртқа шығып кетеді. Кейде нені болса да құлықсыз істейді. Мұның себебі неде?
1. Ол сізге күйеу болмай тұрып жас кезінде көпшілікпен көп араласа алмаған болуы керек. Және де жауапкершілігі мол болуы үшін барлығын ата-анасы немесе өзге де бауырлары болуы ықтимал.
2. Сіз тұрмысқа шыққалы бері күйеуіңіздің барлық іс-қимылын өзіңіз басқарғыңыз келген сыңай танытқан болуыңыз мүмкін. Ал еркектер ешқашан да өздеріне әлдекімнің бұйрық бергенін қаламайды. Ол жүз жерден «момын» еркек болса да, олардың жаратылысы осындай, оны естен шығармау қажет. Еркекке бұлай қысым көрсеткен сайын ол сізге «бағынбай», алыстай береді.
3. Үшінші себеп өзіңізде болуы әбден мүмкін. Есіңізге түсіріңізші, үйленген сәттен бастап оны тіптен еркелетіп жіберген жоқсыз ба? Ол үй шаруасына көмектескісі келіп сізге жақынғанда «өзім істей саламын, жаным» деген сөзбен мәселін қайтарып жіберген шығарсыз.
Таңғалмай-ақ қойыңыз, еркек психологиясы осындай. «Жағымды» нәрселер олардың санасына тез сіңіріп, сол бойына қалып кетеді. Кейбір әйелдер ерінің қосымша қаражат табуға құлқы жоқтығына да шағымданып жатады.
Рас, біреулер артық қаражат тауып, жағдайын жақсартуға талпынбайды. Барына қанағат тұтып жүре береді. Бірақ оған елдің барлығы жаңарған өмірден дәм татуға ұмтылып жатқанда, әйел қарап тұра ала ма? Әркімнің-ақ сәнді жиһаз бен үлкен үйден дәмесі барын жасыра алмаймыз. Осының салдарынан ұрыс-керіс болып жататыны бар.
Өмірде белсенділігі аз, қара нанға қарын тойғызып қана күн көретін адамдар аз емес. Өздігінен жаңаша өмірге ұмтылатындар саны арамызда аз ғана. Әсіресе, еркектер арасында мұндайлар саны әйелдерге қарағанда анағұрлым көп. Еркектерді табысқа жетелейтін бірден-бір күш-әйел махаббаты болмақ. Әйел тарапынан жылы қабақ пен махаббат ләззатына бөленген еркектің әрқашанда өмірге деген құлшынысы арта түсетінін ұмытпаған жөн.
Тағы бір түйінді мәселенің бірі- үйде жұмыссыз жатқан еркектердің ішімдікке әуес болуы. Мұнда да ең бірінші еркекті кінәлаудан бұрын алдымен кемшілікті өз бойыңыздан іздеп көріңіз.
- Ең алдымен еркектің жан-дүниесі әйелге қарағанда нәзіктеу болатынын еске қарағанда нәзіктеу болатынын еске салайық. Әйел қанша дегенмен тағдыр қиыншылықтарына қарсы тұра біледі. Ал көп еркектерде ондай қасиет болмайды. Қиындықпен күрескеннен гөрі одан қашқанды жақсы көретін еркектерге тағы да әйел адамның қолдауы өте қажет.
- Кейбіреулерге ерсі көрінгенмен, ерлі-зайыптылардың арасындағы сүйіспеншілік мерзімнің болмауы да еркектердің өмірге деген құлшынысын жойып жіберетінін жоққа шығара алмайсыз.
- Әйел бойындағы жұмыс істеуге деген құштарлық та мұндай жағдайға себеп болады. Үйленгеннен бастап үйдегі қаржылық қажеттілікті еркекпен бірдей көтеруге ұмтылудың мүлде қажеті жоқ.
Мұнан шығатын қорытынды- әу бастан-ақ еркекке үй-тұрмыс қажеттілігінің барлығы соның мойнында болуын қажет екенін ісіңізбен де, сөзіңізбен де, тіпті қулығыңызбен де түсіндіре біліңіз. Еркектің алдына түсіп «өзімді асырай аламын» деген ерегіс сөз қажетемес. Қайта еріңіздің бойындағы өмірге деген белсенділікті аша түсіңіз. Былайша айтқанда барлығы да әйел қолында болатынын ешқашан естен шығармаңыз.
Дереккөз: anabol.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!