Жұлдыз Абдукаримова: Театр төріне қайта оралдым
© Сурет: instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial
Жұлдыз "Махаббат мұнарасы" пьесасында Сұлудың рөліне бекітілді
Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Абдукаримова желіде өзінің кезекті арманы орындалғанын жазып, оқырмандарынан сүйінші сұрады.
"Сізді қашан кинодан, театрдан көреміз?” деген ең жиі қойылатын сұраққа бүгін жауап бере кетейін. Араға 10 жылдан астам уақыт салып, театр төріне қайта оралдым. Алланың қалауымен, бұл қадамым киелі өңірдің жаңа театрынан бастау алды. Мұны өзім іштей жақсылыққа жорыдым", - деп жазды актриса.
Жұлдыз - кәсіби актриса, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында білім алған. Ұзақ жылдар бала тәрбиесімен үйде отырғаннан кейін үлкен экраннан көріне бастады. Қайрат Нұртас жұбайымен фильмдердің бірінде басты рөлде ойнап, оны қалың көпшілікке таныстырған еді.
Араға жылдар салып, Жұлдыз енді театр сахнасынан көрінбек. Ол жүректің қылын шертетін сезімге толы "Махаббат мұнарасы" пьесасында Сұлудың рөлінде ойнайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:41, 15 желтоқсан 2025
Қытайлық миллиардер болашақ жұбайын әлеуметтік желілерден іздей бастады
-
13:34, 15 желтоқсан 2025
Қазақстандықтарға ақылы жолдарға қатысты жағымды жаңалық хабарланды
-
13:26, 15 желтоқсан 2025
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жариялады
-
13:20, 15 желтоқсан 2025
Валерий Меладзенің Қырғызстандағы концерті өтпейтін болды
-
13:15, 15 желтоқсан 2025
Байқоңырдан «Протон» зымыранын ұшыру техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылды





