Жетісуда ІІМ интернет-алаяқтық үшін қолданылатын sim-карталарды іске қосумен айналысқан топты әшкереледі
© Сурет: ҚР ІІМ
Жетісу облысы және Астана қаласы полиция департаменттерінің қызметкерлері ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің үйлестіруімен интернет-алаяқтыққа қатысы бар қылмыстық топтың жолын кесу бойынша операцияны сәтті жүргізді.
Интернет-алаяқтықпен байланысты қылмыстық істерді тергеу барысында қылмыс жасау үшін пайдаланылған көптеген sim-карталардың іске қосылған орны анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жетісу облысының 24 және 25 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Олардың бірі Жамбыл ауылында, екіншісі Қаратал ауданының Достық ауылында тұрған. Күдіктілер sim-карталарды іске қосып, WhatsАpp мессенджеріне тіркеліп, Қазақстан азаматтарын алдаумен айналысатын алаяқтарға сатқан.
Қылмыс келесі схема бойынша жүзеге асырылған: қаскөйлер өздерінің жеке деректерін пайдаланып, Tele2 қосымшасы арқылы абоненттік нөмірлерді тіркеген, содан кейін басқа қосымшалардың көмегімен нөмірлерді іске қосып, оларды Telegram-каналдар арқылы 500-ден 1500 теңгеге дейінгі бағамен сатқан. Күніне 100-ге дейін sim-карталар тіркеген.
Тінту барысында ұсталғандардан 17 ұялы телефон, екі ноутбук, бір модем және 1000-ға жуық sim-карта тәркіленді. Тергеу жалғасуда. Ұсталғандардың басқа алаяқтармен ықтимал байланысы тексеріліп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:40, 19 желтоқсан 2024
Астана тұрғыны баспаналы боламын деп алаяққа алданды
-
18:30, 19 желтоқсан 2024
Жібек Құламбаева Үндістандағы жарыстың жартылай финалына жолдама алды
-
18:18, 19 желтоқсан 2024
Петропавлда сот төрағасы ірі көлемде пара алып жатқан кезде ұсталды
-
17:45, 19 желтоқсан 2024
ТЖМ қызметкерлері мұз құрсауынан жылқыларды құтқарды
-
17:22, 19 желтоқсан 2024
Алматы полицейлері ірі алаяқтық фактісін ашты