Еліміздің қай өңірінде азық-түлік бағалары арзан екені белгілі болды
© Сурет: unsplash
Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар 11 азық-түліктің бағасы республикалық орташа бағадан төмен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасай отырып, ҚР СИМ Сауда комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Мәселен, өңірде бидай ұнының бағасы елдегі орташа бағадан 33 % арзан. Яғни орташа баға 224 теңге болса, Петропавлда ұнның келісі 150 теңге тұрады. Ал сәбіз бағасы 14% арзан. Сәбіздің елдегі орташа бағасы 152 теңге болса, СҚО-да оның құны – 130 теңге.
Елдегі ең арзан жұмыртқаны да Солтүстік Қазақстаннан табуға болады. Мұнда С1 санатындағы жұмыртқа – 462 теңгеден саудаланып жатыр, ал бұл өнімнің елдегі орташа бағасы - 545 теңге.
"Осы өңірде сүзбе бағасы 25 пайызға арзан. Елде сүзбенің 1 келісі 2172 теңгеден саудаланса, СҚО-да 1622 теңгені құрайды. Картоптың бағасы 14 пайызға арзан", делінген хабарламада.
Сондай-ақ сиыр еті СҚО-да 2388 теңге, бұл республикалық орташа бағадан 7,2 пайызға арзан. Нан (-17,4%) мен рожки (-19,6%) құны да арзан. Республикалық орташа бағадан арзан өнімдер қатарында қарақұмық жармасы, сары май, пияз бен орамжапырақ та бар.
"Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақты ұстау, тіпті ӘМАТ тізіліміндегі 11 тауардың құнын елдегі орташа бағадан арзандату үшін мониторинг және мемлекеттік бақылау шаралары жүргізіліп келеді. 11 айдың қорытындысы бойынша ӘМАТ тауарларына сауда үстемесін тиісті 15%-дан асырғаны үшін 134 сауда субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 118-і ескерту болса, 16 кәсіпкерге айыппұл берілді", - деді СҚО бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Қанат Жеңісбекұлы.
Бұған дейін 2024 жылы елімізде тұрғын үй құрылысына қанша қаражат жұмсалғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:57, 18 желтоқсан 2024
Қазақстандықтардың көбісі бөлшек сауда саласына шағымданған
-
21:50, 18 желтоқсан 2024
Қауіпті ойыншықтар анықталды: Жаңа жыл алдында ДСМ ел азаматтарына ескерту жасады
-
21:45, 18 желтоқсан 2024
Футзалдан EURO-2026 іріктеу ойындары: Қазақстан мен Армения тең түсті
-
21:32, 18 желтоқсан 2024
Полиция алматылықтарға кейбір көшелер ішінара жабылатынын алдын ала ескертті
-
20:56, 18 желтоқсан 2024
Alibaba Қазақстандағы қосымша құн салығын төлеушілер қатарына қосылды