Жетісу облысында бір уақытта 3 мың өнерпаз күй тартты

14:40, 7 шілде 2024

© Сурет: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған іс-шара 7 шілдеде "Жастар" саябағында өтті. Оған облыстағы мәдениет мекемелерінің домбырашыларымен бірге бір мезетте аудандық, қалалық мекемелердің өнерпаздары Таңатар Алшабековтың "Жетісу күйін" орындады, деп хабарлайды

Мереке аясында М. Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі, облыстық көркемөнер галереясы және Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық орталық кітапханалары кітап көрмелері мен қолөнер шеберлерінің көрмелерін ұйымдастырды.

Сондай-ақ облыстың аудандары мен қалаларының орталық алаңдарында домбыра күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!