«Білім бар, таныс жоқ». Желіде ағылшыншасы судай күзетшінің видеосы көптеп тарауда

09:57, 5 қазан 2024

© Сурет: polisia.kz

4 қазанда Тик-Ток желісінде ағылшыншасы судай күзетшінің видеосы көптеп тарап, ел қолдауына ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода ер адам ағылшын тілінде шетелдік туристерге өзі күзететін ғимараттың жабық тұрған зал ішіндегі дүниенің тарихын баяндайды. Дыбыс сапасының нашарлығына және видео сипаттамасының жоқтығына қарамастан, бұл арада туристер ырымдап ақша тастайтын Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі алты ғасырлық тарихы бар қасиетті, алып қазан туралы сөз болып жатқан секілді. Турист одан "қазан шынымен де қасиетті ме" деп сұрайды.

@maha.tkd ♬ оригинальный звук - маха

Видео авторының парақшасына қалдырылған пікірлерден оқиға Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде болғаны байқалады. Пікір қалдырушылардың бірі күзетшіні танып, өзінің көршісі екенін, бірақ оның мұндай талантын байқамағанын жазып, аң-таң.

Видео тақырыбында: "Білімі бар, бірақ таныс жоқ деген осы", делініпті.

Айта кетсек, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі жақында Үкімет қаулысымен ғимарат мемлекеттік қорғауына алынғаны белгілі. Бұл - ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген еліміздегі алғашқы нысан.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!