Бүгін - ұстаздар күні
© Сурет: Zakon.kz
5 қазанда Қазақстанда педагогтардың кәсіби мерекесі атап өтіледі. Республикамызда қазан айының бірінші жексенбісі ұзақ уақыт бойы Мұғалімдер күні болып келді. Тек 2023 жылы тиісті қаулыға өзгерістер енгізіліп, мереке тұрақты күнге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дүниежүзілік мұғалімдер күнін бекітуге 1966 жылы 5 қазанда Парижде өткен Мұғалімдердің мәртебесі туралы арнайы үкіметаралық конференция ұйытқы болды. Нәтижесінде ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері "Мұғалімдердің мәртебесіне қатысты ұсыныстар" құжатына қол қойды. Дүниежүзілік мұғалімдер күні алғаш рет 1994 жылы 5 қазанда атап өтілді.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда елімізде барлық білім беру ұйымдарында 600 мыңға жуық педагог еңбек етуде. Оның ішінде 399 247 педагог мектептерде, 41 155 педагог техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында сабақ береді. Мектепке дейінгі мекемелерде 100 566 тәрбиеші жұмыс істейді.
Елімізде 2019 жылы "Педагог мәртебесі туралы" ҚР Заңы қабылданды, ол педагогтердің жалақысын көтеруді, тиісті функцияларға сәйкес келмейтін жүктемелер мен тексерулерден босатуды, педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды, оқу жүктемесін қысқартуды, еңбек демалысын ұзартуды және педагогтар үшін өзге де ынталандыруды белгілеуді көздейді.
Елімізде 12 жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан "Үздік педагог" байқауы болады. Мәселен, биыл, 2024 жылғы байқауда 700-ге жуық педагог мемлекеттен ақшалай сыйақы алады.
Конкурс педагогтердің шығармашылық және кәсіби әлеуетін дамытуға ынталандыруға бағытталған. Оның ішінде ұстаз педагогикалық қауымдастықта табысты сынақтан өткен әдістемелері, сондай-ақ оқушыларының жетістіктері арқылы бағаланады. Дәстүрлі түрде жеңімпаздарға "Үздік педагог" төсбелгісі және 1000 АЭК мөлшерінде ақшалай сыйақы беріледі.
Мәселен, 2023 жылы 64 үздік ұстазға жалпы сомасы 220 млн 800 мың теңге көлемінде сыйақы төленді. "Үздік педагог" атағын иеленушінің әрқайсысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына сәйкес 3 млн 450 мың теңге көлемінде сыйақы берілді.
Байқауды өткізу рәсімі автоматтандылырған және жариялы түрде өтеді. Республикалық байқау комиссиясының құрамына үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар қауымдастығының өкілдері, журналистер, педагогтер және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының өкілдері енеді.
Биылығы жылы "Үздік педагог" республикалық байқауының аудандық және облыстық кезеңдері 8 тамыз-10 қыркүйек аралығында жергілікті жерлерде ұйымдастырылды. Алғашқы екі кезеңнің нәтижесі бойынша жоғары балл жинаған педагогтер республикалық кезеңге жолдама алады. Қатысу үшін өтінім 5 қазанға дейін қабылданады. Бүгінгі таңда 180-нен астам мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік ұйымдар педагогі өтінім беріп үлгерді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:30, 21 желтоқсан 2024
Тоқаев Германия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
16:25, 21 желтоқсан 2024
Астанада «несие алып бергіш» әйел құрықталды
-
15:48, 21 желтоқсан 2024
Жетісу облысында кезекті есірткі зертханасының көзі жойылып, шетелдік азаматтар ұсталды
-
15:29, 21 желтоқсан 2024
Байбазаровтың орнын Жұманғарин басты. Сарапшы Үкіметтегі ауыс-түйістің нені білдіретінін айтты
-
14:41, 21 желтоқсан 2024
Қазақстандағы Италия елшісі қызметінен кетті