Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту: ережелер жаңартылды
© Сурет: freepik
Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2025 жылғы 14 наурыздағы бұйрығымен жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі ережеге өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, "жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары жаңартылды.
Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, жер учаскесінің орналасқан жері бойынша ауылдық округтер әкімдердері жеке немесе заңды тұлғаларға көрсетеді.
- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;
- egov.kz электрондық үкіметтің веб-порталы.
Қажетті құжаттар
- нысан бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш;
жер комиссиясының оң шешімі (елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде) немесе жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгергені туралы оң қорытынды қорытынды (елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде) болған жағдайда бір жұмыс күні ішінде:
- жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде оның кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі, қажет болған жағдайда жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу, кадастрлық (бағалау) құны арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу;
әуеайлақ маңы аумағында орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда:
- әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметтің басталуы туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтер тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
- елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда - сегіз жұмыс күніне дейінгі мерзімде;
- елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда – 16 жұмыс күніне дейінгі мерзімде.
Көрсетілген мерзімдерге жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу уақыты кірмейді.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесін сатып алу-сату шартын немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) (жер учаскесін сатып алған жағдайда) шартын қоса бере отырып, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
- мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
- көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің талаптарға сәйкес келмеуі;
- мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұранымға келісуші органдардың теріс жауабы;
- мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
Сондай-ақ, жаңа редакцияда "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары баяндалған.
Бұйрық 2025 жылғы 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:07, 31 наурыз 2025
Теміртауда жасөспірімдер жалғызбасты зейнеткерді аяусыз соққыға жығып, видеоға түсіріп алған
-
11:56, 31 наурыз 2025
Трамп Ресей-Украина қақтығысына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады
-
11:48, 31 наурыз 2025
Словения президентін Ақордада қалай қарсы алды
-
11:38, 31 наурыз 2025
Алматы ботаникалық бағы жаңа жұмыс кестесіне көшті
-
11:27, 31 наурыз 2025
Еліміздегі электрондық сауда алаңдарында сатып алу ережесі бекітілді
Танымал жаңалықтар
-
14:20, 30 наурыз 2025
-
15:16, 30 наурыз 2025
-
15:53, 30 наурыз 2025
-
16:31, 30 наурыз 2025
-
14:58, 30 наурыз 2025
-
13:57, 30 наурыз 2025
-
16:11, 30 наурыз 2025
-
17:11, 30 наурыз 2025
-
17:14, 30 наурыз 2025
-
21:50, 30 наурыз 2025
-
22:25, 30 наурыз 2025
-
09:22, 31 наурыз 2025
-
09:45, 31 наурыз 2025
-
09:51, 31 наурыз 2025
-
09:02, 31 наурыз 2025