Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы рингке қашан оралатынын айтты

16:14, 4 қаңтар 2026

© Сурет: instagram/sadriddin_____soq

Қазақстандық бірінші орта салмақтағы боксшы Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтің (15-0-1, 13 КО) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды.

Жеңілмеген Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 КО) ақпан айында АҚШ-та жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді.

"Ақпанда кездескенше", - деп жазды Солдат Q Instagram желісінде.

Әзірше Садриддин қарсыласының атын атаған жоқ.

Еске салайық, 2025 жылғы 22 қарашада Ахмедов мексикалық боксшысы Эдгардо Веласкеспен (16-2, 16 КО) Лонг-Бич қаласында өтетін бокс кешінде жұдырықтасуды жоспарлаған, алайда ол жекпе-жек өтпей қалды.

Қазақстандық боксшының кейінгі айқасы 2025 жылғы сәуірде өтіп, күтпеген жерден тең нәтижемен аяқталған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!