Банктік шоттарды ашу: өзгерістер енгізілді
© Фото: Zakon.kz
Ұлттық Банктің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы қаулысымен клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларына және ҚР аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді немесе ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, банк шотын ашу кезінде клиент-жеке тұлға банк шоты бойынша кәсіпкерлік қызметке, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимі шеңберіндегі қызметке, нотариаттық қызметке, адвокаттық қызметке, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметке, дауларды тәртіппен реттеу жөніндегі қызметке байланысты операцияларды жүзеге асырмағаны туралы мәліметтерді көрсететін өтініш беретіні нақтыланады.
Ағымдағы шотты ашу үшін клиент Банкке бюджетті қазынашылық атқару және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдеріне, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдеріне сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның рұқсатын ұсынады.
Бұл ретте жеке тұлға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру үшін ағымдағы шот ашқан кезде клиент (азамат, қандас) Банкке ұсынады:
- жеке басын куәландыратын құжат;
- салық кодексінің 77-тарауына сәйкес арнаулы салық режимін қолдана отырып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін шот ашу туралы өтініш.
Сонымен қатар, ҚР аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді немесе ақша аударымдарын жүзеге асыру Ережелері жаңа тармақпен толықтырылды.
Мәселен, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобалары бойынша гранттық қаржыландыру кезінде грант алушының атына ашылған эскроу-шот режимінде ағымдағы шоттан төлем контрагенттің (шарт тарапының) банк шотына олардың арасындағы шарт негізінде жүзеге асырылады.
Қаулы 2026 жылғы 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 6 қаңтар 2026
Туристік жолдамалар мен алтын бұйымдар: Шымкентте көпті шырылдатқан күдікті әйел ұсталды
-
22:46, 6 қаңтар 2026
Венесуаладағы әскери операция Трампқа қарсы импичмент жариялауға түрткі болмақ
-
21:41, 6 қаңтар 2026
Жетісу облысында мұғалімдер шағымынан кейін мектеп директоры жұмысынан шеттетілді
-
21:28, 6 қаңтар 2026
«Тұман, боран, көктайғақ». Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:54, 6 қаңтар 2026
«Ақысын криптовалюта түрінде алған». Ақмола облысында есірткіні жасырын жерге қойып кетуші қолға түсті





