Қостанайда көлігімен үйілген тасқа соғылып, омыртқасын сындырған ер адамға 11 млн теңге төленетін болды
© Сурет: Zakon.kz
Қостанай қалалық соты 11 млн теңге көлеміндегі материалдық залалды және моральдық зиянды өтеу туралы талап-арызды қанағаттандырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қостанай қалалық сотында ЖШС-дан материалдық залалды және моральдық зиянды өтеу туралы ер адамның талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
Азаматтық істі қарау барысында мемлекеттік сатып алу туралы шарт негізінде ЖШС аудандық маңызы бар тас жолға ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындағаны анықталды. Ал екінші жауапкер азамат осы жол учаскесіндегі жұмыстарды жүргізуге жауапты тұлға болып тағайындалған.
2024 жылғы қараша айында арызданушы "Владимиров – Воробьев" тас жолымен көлігімен келе жатып, жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты ЖШС қызметкерлері жолдың жүру жолағына үйіп қойған қиыршық тас үйіндісіне соғылған. Салдарынан оның автокөлігіне механикалық зақым келіп, ал талапкердің өзі омыртқаның жабық сынуы түріндегі дене жарақатын алған.
Аталған жағдайда талапкерге келтірілген зиян азамат Ж-ның еңбек міндеттерін орындау кезіндегі заңсыз әрекетсіздігі салдарынан орын алған, сондықтан зиян үшін жауапты тұлға ретінде оның жұмыс берушісі танылып, материалдық залал сомасы соның есебінен өндіріп алынуға жатады.
Талапкердің көлік құралын қалпына келтіру жөндеу құны мен диагностикаға жұмсаған шығындары тәуелсіз бағалаушының есебімен расталған, сот бұл есепті жол берілетін дәлелдеме деп таныды.
Талапкердің денсаулығына зиян келтірілуі ЖШС қызметкерлерінің әрекеттері нәтижесінде болғаны сотта зерттелген дәлелдемелермен расталды.
"Осы мән-жайларды ескере отырып, материалдық залалды және моральдық зиянды өтеу туралы талап арыз ішінара қанағаттандырылуға жатады. Сот шешімімен ЖШС-нен талапкердің пайдасына материалдық залал мен моральдық зиянды өтеу ретінде жалпы сомасы 11 миллион теңгеден астам қаражат өндірілді"., делінген сот хабарламасында.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Алматы облысында автобустағы дауға түрткі мас ер адам қамауға алынғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:26, 7 қаңтар 2026
Футболдан Африка кубогының ширек финалына қатысушы төрт жұп команда анықталды
-
10:15, 7 қаңтар 2026
«Атырау» футбол клубы оншақты ойыншыларымен қоштасты
-
09:55, 7 қаңтар 2026
Ақмола облысында сапасыз жолға байланысты 75 әкімге ескерту жасалды
-
09:03, 7 қаңтар 2026
Тоқаев еліміздегі барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады
-
22:58, 6 қаңтар 2026
Туристік жолдамалар мен алтын бұйымдар: Шымкентте көпті шырылдатқан күдікті әйел ұсталды





