2025 жылы инфляция 12,3%-ды құрады - Ұлттық статистика бюросы
© Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
2025 жылдың желтоқсандағы айлық инфляция деңгейі 0,9% болды. Азық-түлік тауарларының бағасы 1,2%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,7%, ақылы қызметтер 0,6% өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен айда апельсин бағасы 2,6%, сәбіз – 2%, қант – 1,3%, жұмыртқа 0,1% төмендеді. Ал концентратталған сүт – 2,1%, қатты ірімшік – 1,8%, көкөніс шырындары 1,6% қымбаттады.
Жекелеген дәрі-дәрмектердің бағасы төмендеді: супрастин – 18,5%, энап – 5,2%, канефрон – 1,4%, йодомарин мен азитромицин – әрқайсысы 0,9%-дан. Автомобильдер – 0,4%, электр құралдары 0,9% арзандады. Смартфондар – 0,9%, жеке гигиена тауарлары 1,1% қымбаттады.
Коммуналдық қызметтер арасында су бұру тарифтері 2,4%, суық су – 0,9% төмендеді. Бір ай ішінде такси қызметтері 1,8%, моншаға бару – 2,1%, кинотеатр қызметтері – 2,9% қымбаттады.
2025 жылғы жылдық инфляция 12,3% құрады. Желтоқсанда азық-түлік тауарларының жылдық деңгейі – 13,5%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі – 11,1%, ақылы қызметтердікі 12% өсті.
Азық-түлік тауарлары арасында жылдық мәнде баға қызанаққа – 7,9%, күрішке – 4,8%, қиярға – 4,7%, тәтті бұрышқа – 2,7%, кептірілген өрікке 2% төмендеді. Керісінше жүзім – 7,7%, көк шай бағасы 7,9% өсті.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында аяқ-киімге жағатын крем бағасы 10,8%, сантехникалық қоспалауыш 8,5%, электр бұрғысы 6,6% қымбаттаған.
2025 жыл ішінде тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында суық су тарифтері 13,1% төмендеді. Аяқ-киім жөндеу бағасы – 10,1%, пошта қызметтері – 8,9%, автосақтандыру 6,5% өсті.
Өңірлер арасында жылдық инфляцияның төмен деңгейі Алматы қаласы мен Қостанай облысында – 11,7%, сондай-ақ Абай, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында байқалды – 11,8% деңгейінде.

Сурет: stat.gov.kz
2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 40%, азық-түлік емес тауарлар – 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады.
Бүгін, 2026 жылғы 5 қаңтарда, Ұлттық статистика бюросы (ҰСБ) Қазақстан халқының саны жөніндегі жаңартылған деректерді ұсынған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:26, 7 қаңтар 2026
Футболдан Африка кубогының ширек финалына қатысушы төрт жұп команда анықталды
-
10:15, 7 қаңтар 2026
«Атырау» футбол клубы оншақты ойыншыларымен қоштасты
-
09:55, 7 қаңтар 2026
Ақмола облысында сапасыз жолға байланысты 75 әкімге ескерту жасалды
-
09:03, 7 қаңтар 2026
Тоқаев еліміздегі барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады
-
22:58, 6 қаңтар 2026
Туристік жолдамалар мен алтын бұйымдар: Шымкентте көпті шырылдатқан күдікті әйел ұсталды





