Жібек Құламбаева WTA 125 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды
© Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Колумбияның Сопо қаласында өткен WTA 125 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жұптық сында отандасымыз словениялық Вероника Эрьявецпен бірге өнер көрсетті. Финалдық кездесуде олар чехиялық Лора Самсон мен словениялық Тамара Зиданшек жұбын 5:7, 6:2, 14:12 есебімен жеңді.
Бұл Жібек Құламбаеваның биылғы маусымдағы сегізінші және WTA 125 санатындағы турнирлердегі екінші титулы болды. Қыркүйек айында қазақстандық теннисші австралиялық Габриэлла Фикпен бірге Португалияда өткен осы санаттағы жарыстың жұптық сынында топ жарған болатын.
Жалпы, 2026 жылы Құламбаева жұптық сында жеті титул жеңіп алды. Оның алтауы Халықаралық теннис федерациясының (ITF) турнирлерінде тіркелді. Сонымен қатар қазақстандық спортшы Үндістанда өткен ITF W15 турнирінің жекелей сынында жеңімпаз атанды.
Колумбиядағы табысты өнерінің арқасында Жібек Құламбаева жұптық сындағы әлемдік рейтингте жеке рекордын жаңартады. Дүйсенбі, 16 қараша күні қазақстандық теннисші WTA рейтингінде 86-орынға көтеріледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:18, 15 қараша 2026
Жезқазғанда ойын-сауық орталығының әкімшісі отшашу атқаны үшін жазаланды
-
17:44, 15 қараша 2026
Жастарды WhatsApp арқылы алаяқтық схемаларға тарту деректері көбейген
-
17:01, 15 қараша 2026
16 қарашада Астана мен тағы бес қалада ауа сапасы нашарлайды
-
16:52, 15 қараша 2026
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторларының бірі Зұлхия Жұматова дүниеден өтті
-
16:38, 15 қараша 2026
Қазақстандық molodoy CS2 ойынынан қатарынан үшінші ірі турнирде жеңіске жетті





