«Ақтөбе – Қандыағаш» тасжолының бір бөлігі ақылы болды
© Сурет: Қазавтожол
15 қарашадан бастап "Ақтөбе – Қандыағаш" автомобиль жолының 89 шақырымы ақылы жүйеге қосылды. Енді бұл учаске арқылы өтетін жүргізушілер жолақы төлейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мәліметінше, жаңа ақылы учаске бұрыннан жұмыс істеп тұрған "Қандыағаш – Мақат" ақылы жолының құрамына енгізілді. Осылайша, ақылы жолдың жалпы ұзындығы 469,5 шақырымға жетті.
Жолдың 11-шақырымынан 87,2-шақырымына дейінгі аралықта көліктің барлық түрінен ақы алынады. Ал қалған бөлігінде тек автобустар мен жүк көліктері үшін төлем қарастырылған. Жеңіл автокөліктер бұл учаскелермен тегін жүре алады.
Жолақы мөлшері көлік түрі мен төлем тәсіліне байланысты белгіленген. Мәселен, жеңіл автокөлікпен ақылы учаскені бір бағытта жүріп өту құны алдын ала төлеген жағдайда шамамен 240 теңге, ал сапардан кейін төлегенде 276 теңге болады.
Жол бойына көліктің мемлекеттік нөмірін автоматты түрде анықтап, төлемді есептейтін 10 бақылау аркасы орнатылған.
"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге жолақыны алдын ала төлеуге кеңес береді. Ол үшін kaztoll.kz сайты, банк қосымшалары немесе басқа ресми төлем сервистері арқылы көліктің жеке шотын толықтыруға болады.
Ақылы жолға іргелес елді мекендер мен аудандарда тіркелген көлік иелеріне жеңілдетілген абонементтер қарастырылған. Жеңіл автокөліктер үшін жылдық абонемент құны – 1 АЕК немесе 4 325 теңге. Ал автобустар мен жүк көліктеріне санатына қарай айлық және жылдық абонементтер ұсынылады.
Ақылы жолдардан түскен қаражат жолдарды күтіп ұстауға, жөндеуге және арнайы техника сатып алуға жұмсалады.
Жолақы тарифтері, төлем тәсілдері мен абонемент рәсімдеу тәртібі туралы толық ақпаратты kaztoll.kz сайтынан немесе 1403 нөмірі арқылы білуге болады. Байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:43, 15 қараша 2026
15 қарашада доллар мен еуро қаншадан саудаланып жатыр
-
11:01, 15 қараша 2026
Балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салынды ма? Министрлік түсінік берді
-
10:26, 15 қараша 2026
Алматыда өрт шығып, қаланы қою қара түтін басты
-
10:13, 15 қараша 2026
Астанада қар жауып, көктайғақ болады, ал оңтүстікте күн жылынады
-
09:30, 15 қараша 2026
15 қарашадан бастап осы үш жұлдыз белгісінің өмірінде жақсы өзгерістер болуы мүмкін





