Жекпе-жектен кейін БАҚ алдына жалғыз шыққан Фьюри: Усикті ауруханаға алып кетті
![](https://mail.kz/images/0d5367501ffa3ec979204400d5d2f67c-slider.jpg)
© Сурет: Telegram/Чемпионат
Сауд Арабиясы астанасында түнде бокстан ауыр салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін украиналық спортшы Александр Усик пен британдық Тайсон Фьюри 12 раунд бойы қиян-кескі ұрыс жүргізді. Төрешілердің жекелей шешімімен Усик жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алайда жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихатына британдық боксшы Тайсон Фьюри (соңғы раундтардың бірінде нокдаунға ұшыраған) баспасөз мәслихатына жалғыз шықты.
Ол өз сөзінде жағы сынған Александр Усикті көмекшілері шұғыл түрде ауруханаға алып кеткенін айтты, хабарлайды Matchroom Boxing.
"Усик жағы сынып, ауруханаға түсті. Біз 12 раунд бойы бір-бірімізді төпелеумен болдық", - деді Фьюри.
Украина спортшысының өкілдері бұл ақпаратты әлі растаған жоқ.
Жекпе-жек барысында екі боксшының да қабағы жарылған болатын. Сонымен қатар, Усик тоғызыншы раундта Фьюриді нокдаунға жіберді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:50, 23 қаңтар 2025
Астана қаласының мемлекеттік шығармашылық тапсырысының ата-аналары, жеткізушілері мен жаттықтырушыларының назарына
-
19:40, 23 қаңтар 2025
Әділет министрі БҰҰ кеңесінің Женевадағы 48-сессиясында баяндама жасады
-
19:21, 23 қаңтар 2025
Тоқаев Грекиядағы және Кипрдегі елшілерді тағайындады
-
19:10, 23 қаңтар 2025
Сауда министрлігі картоп бағасына қатысты маңызды мәлімдеме жасады
-
19:04, 23 қаңтар 2025
Павлодар облысындағы ауыл тұрғындары бір сәтте мектепсіз қалды