Паралимпиада ойындары-2024: Жұрқамырза Шүкірбеков жартылай финалға өтті

15:17, 7 қыркүйек 2024

© Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Жұрқамырза Шүкірбеков (J2 санаты) 90 келіден аса салмақта боз кілемге шығып, бразилиялық қарсыласы Сержио Фернандесты мерзімінен бұрын жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған белдесуде төреші иппон тіркеді.

Осылайша пара дзюдодан жартылай финалға жолдама алған Жұрқамырза Шүкірбеков алда Грузия балуаны Реваз Чикоидземен күш сынасады.

Осыған дейін паралимпиадада бүгін, 7 қыркүйекте жарыс жолына шығатын спортшылар тізімі жарияланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!