Қостанай облыстық сотының төрағасы отставкаға кетті

12:04, 7 қыркүйек 2024

© Сурет: Zakon.kz

Қостанай облысының сот корпусы облыстық соттың төрағасы Салий Вячеслав Васильевич пен облыстық соттың судьясы Нұров Сергей Мұратұлын құрметті отставкаға шығарып салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық соттың мәліметінше, Вячеслав Салий сот жүйесінде 37 жылдан астам, ал Сергей Нұров 25 жылдан астам жұмыс істеген, кәсіби ортада абыройлы және жоғары беделге ие мамандар.

Сот төрелігін жүзеге асыруда адал қызмет еткені үшін олар "Құрмет" орденімен марапатталған.

Қостанай облыстық соты, отставка, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2024 12:04

Сурет: Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі

"Облыстық соттың судьялары В.Салийге дана және жанашыр басшы болғаны үшін, ал С.Нұровқа сот істерін қараудағы білімі мен тәжірибесі үшін алғыстарын білдіріп, құрметті отставкаға шығарып салды", делінген сот хабарламасында.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!