Мысырға бірге қыдырып бармақ болған алматылық бірнеше қыз 3 млн теңгеден қағылды

13:50, 7 қыркүйек 2024

© Сурет: unsplash

Алматыда Мысырға туристік жолдама сатып алған бірнеше қазақстандықты сан соқтырған қыз ұсталды, деп хабарлады Zakon.kz.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі бірнеше қыздың 10 күндік тур жолдамасын сатып алу үшін туристік операторлардың біріне 2 млн 975 мың теңге төлегенін, олар Мысырға демалуға баруды жоспарлағанын айтты. Нәтижесінде қазақстандықтар сол күйі шетелге демалысқа бара алмаған, өйткені діттеген уақытта туроператор байланысқа шықпай қойған.

Шетелге ұшу 15 тамызға жоспарланған болатын. Жолдаманы сатушысы қажетті құжаттардың толық пакетін тұтынушыларға ұсынбай, ізім-қайым жоғалған. Қыздар жоспарлаған сапарға төлеген ақшаларын да қайтара алмай, әлек болады. Ақыры алданғанын білген қазақстандықтар Алмалы ауданының полиция басқармасына көмек сұрап, арыз жазды.


"Алаяқтық фактісі бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Істің барлық мән-жайлары анықталуда", - деді Алматы қалалық полиция департаменті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!