Дзюдо, каноэ, пауэрлифтинг: 7 қыркүйекте өнер көрсететін отандық спортшылар тізімі

09:18, 7 қыркүйек 2024

© Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Сенбіде, 7 қыркүйекте қазақстандық спортшылар Паралимпиада ойындарында үш спорт түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Парижде отандық тоғыз паралимпиадашы өнер көрсетеді.

Паралимпиада ойындары-2024, кесте, Қазақстан құрамасы, 7 қыркүйек, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2024 09:18

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Көбісі пара дзюдода өз күштерін сынайды. Мұндағы бес спортшының бірі жалғыз әйел – Зарина Райфова. 33 жастағы Атырау қаласының тумасы 70-тен аса салмақ дәрежесінде Қазақстан намысын қорғайды. Райфова - дзюдо және самбодан ҚР спорт шебері, 2023 жылғы Азия пара ойындарының күміс жүлдегері.

6 қыркүйекте дзюдошылар Қазақстанның қоржынын екі медальмен толықтырды. Бірі - 57 келі салмақта пара дзюдодан қола медаль иеленген Даяна Федосова, тағы бірі - пара дзюдодан 73 келі салмақ дәрежесінде күміс медаль ұтқан Ерғали Шамей.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!