Алматыда екі дос бөтеннің көліктерін сатып, түскен ақшаға казино ойнаған

10:47, 7 қыркүйек 2024

© Сурет: pexels

Алматыда Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны бар ақшасын онлайн-казиноға тігіп жіберген. Осылайша түксіз қалған екеу заңсыз жолмен ақша табуға бел буады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, құмар ойынға қанбаған ер адамдар "көлігіңді есепке қойып беремін" деп алматылықтарды алдай бастайды.

"Қаскүнемдер "тіркетеміз" деп бөтеннің көліктерін алып кетіп, бірақ ақыр соңында оларды сатқаннан түскен ақшаны казиноға жұмсаған. Осылайша олар екі адамды алдады. Жәбірленушілер материалдық шығынды шамамен 15 миллион теңгеге бағалады", - деді полиция.

Сот екеуін де кінәлі деп тауып, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Олар жазаны Семейдегі орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын қазіргі уақытта ішінара өтелді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!