Жарты жылда 31 мыңнан астам мопед жүргізушісі жол қауіпсіздігі ережелерін бұзған

12:20, 26 шілде 2024

© Сурет: Zakon.kz

Елімізде жыл басынан бері мопед мінгендер 542 жол апатына ұшырап, 27 адам көз жұмған. Жарты жылда 31 мыңнан астам мопед жүргізушісі жол қауіпсіздігі ережелерін бұзған.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлім етті. Әзірге мопедшілерді заң аясында жауапкершілікке тарту тетіктері әлсіз.

Оған қоса, еш жерде есепте жоқ көліктердің саны кейінгі кезде күрт артқан.

Сондықтан мопедтерді мемлекеттік тіркеуге алу және А1 санатындағы жүргізуші куәлігін беру туралы заң жобасы таяуда Мәжілісте қаралып, Сенатқа өткен болатын, деп жазады qazaqstan.tv.

Құжат енді күзде қаралып, қайта талқылануы мүмкін.

Ал Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев берген алдын ала мәлімет бойынша, қос дөңгелекті көлікті тіркеу үшін екі құжат қана қажет болады.

"Мопедтің иесі жеке куәлігі және сол мопедті сатып алды деген чек болу керек қой, сіз, мысалы, нан сатып алсаңыз да сізге чек береді, сондай бір чегі болса, сонымен бірге біз мопедті қарап, техникалық жағдайын және өзінің кузовының я болмаса рамасының қандай номері бар соны қарап, содан кейін мопедті екі құжаттың арқасында тіркеуге ала береміз." Қайсар Сұлтанбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!