Жаңбыр қарға ауысып, ауа температурасы -6°С-қа дейін төмендейді: қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады
© Сурет: ЖИ көмегімен жасалған
"Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылғы қыркүйек айына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, Қазақстанда жаңбыр қарға ауысып, ауа температурасы -6°С-қа дейін төмендеуі мүмкін. Сонымен қатар кей өңірлерде аптап ыстық 35°С-қа дейін жетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, күздің алғашқы айында еліміздің барлық аумағында тамыз айымен салыстырғанда орташа айлық ауа температурасы біртіндеп 5-7°С-қа төмендейді.
"Алдын ала болжамға сәйкес, қыркүйектің басында Қазақстанның батысы мен оңтүстік өңірлерінде жаздағыдай ыстық ауа райы сақталады. Ал еліміздің солтүстік, орталық және шығыс облыстарында күзгі ауа райы орнап, жауын-шашын түседі. Жаңбырдың қарға ауысуы және екпінді жел болуы мүмкін", – деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі.
Алайда метеорологтардың айтуынша, алғашқы онкүндіктің ортасынан бастап республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы орнап, температура айтарлықтай көтеріледі.
- Батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік-батыста күндіз ауа температурасы +25...+35°С-қа дейін көтеріледі.
- Солтүстікте, солтүстік-батыста (Қостанай облысында), орталық және шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 0...+8°С аралығында болады. Топырақ бетінде -1...-3°С дейін үсік болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +10...+18°С-тан +22...+30°С-қа дейін көтеріледі.
- Оңтүстікте түнде +13...+20°С, күндіз +25...+35°С болады. Оңтүстік-шығыста түнде +10...+18°С, күндіз +20...+28°С-тан +25...+33°С-қа дейін жылынады.
"Алғашқы онкүндіктің екінші жартысында батыс пен солтүстік-батыста, кейін Қазақстанның қалған аумағында кезекті солтүстік-батыс циклонының келуіне байланысты жауын-шашын түсіп, жел күшейеді. Ыстық ауа райы қайтадан салқындайды", – деп мәлімдеді "Қазгидромет".
Қыркүйектің екінші және үшінші онкүндігінде күн суытады
Болжам бойынша, қыркүйектің екінші және үшінші онкүндіктерінде температура бірде жылы, бірде суық болып құбылады. Кей жерлерде үсік жүруі мүмкін.
- Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде:
түнде 0...+5°С-тан +11...+16°С-қа дейін;
топырақ бетінде -3°С-қа дейін үсік;
күндіз +27...+35°С-тан +12...+22°С-қа дейін.
- Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде:
түнде 0...+5°С-тан +5...+13°С-қа дейін;
топырақ бетінде -3°С-қа дейін үсік;
күндіз +20...+30°С-тан +8...+17°С-қа дейін.
- Қазақстанның оңтүстік жартысында:
түнде +2...+10°С-тан +12...+17°С-қа дейін;
таулы аудандарда -1...-6°С-қа дейін үсік;
күндіз +25...+33°С-тан +15...+22°С-қа дейін.
Жалпы, синоптиктердің мәліметінше, қыркүйек айында еліміздің басым бөлігінде орташа ауа температурасы климаттық норма шамасында болады. Ал Батыс Қазақстан облысында, Атырау облысының батысында және Маңғыстау облысында температура нормадан 1°С жоғары болады деп болжанып отыр.
Жауын-шашын мөлшері негізінен климаттық норма шегінде күтіледі. Алайда елдің қиыр батысында, солтүстік-батысында және солтүстік-шығыс бөлігінде жауын-шашын әдеттегіден көп болуы мүмкін. Ал оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде жауын-шашын мөлшері нормадан аз болады деп болжануда, деп хабарлады "Қазгидромет" мамандары.
Метеорологтар айлық болжамның консультативтік сипатта екенін ескертті. Синоптикалық жағдай өзгерген сайын болжам түзетіледі және әр онкүндікке арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланады.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда күздің алғашқы күндері үсіктен басталатынын хабарлаған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:29, 1 қыркүйек 2026
Қызылордада рақымшылық аясында 30-дан астам сотталған бостандыққа шықты
-
13:15, 1 қыркүйек 2026
Алматының Ботаникалық бағынан 70 жылдық әйгілі тал ағашы алынып тасталды
-
13:08, 1 қыркүйек 2026
Қазақстан халқының саны артты: нақты көрсеткіш жарияланды
-
12:55, 1 қыркүйек 2026
БАӘ-де қаза тапқан екі қазақстандық қыздың өліміне қатысты не белгілі
-
12:46, 1 қыркүйек 2026
ҰҚК қызметкерлеріне берілетін төлем тәртібі жаңарды





