Қызылордада рақымшылық аясында 30-дан астам сотталған бостандыққа шықты
© Фото: Zakon.kz
"Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы" Заң аясында Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерден бүгінгі күнге дейін 30-дан астам сотталған бостандыққа шықты.
Рақымшылық туралы заң Қызылорда облысындағы ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға да қолданылуда. Соның бірі – жазасын өтеу мерзімінің аяқталуына шамамен бір жыл қалған азамат.
Қызылорда қаласының №2 сотының қаулысымен оған рақымшылық туралы заң талаптарына сәйкес жаза мерзімі қысқартылып, нәтижесінде ол мекемеден босатылды. Бостандыққа шыққан азамат қуанышын жасырмады.
"Рақымшылықпен бостандыққа шығып жатқаныма қуанып отырмын. Бұдан былай қылмыс жасамаймын. Президентімізге және мекеме әкімшілігіне алғысым шексіз, — деді ол.
ҚАЖ департаментінің мәліметінше, рақымшылық туралы заң облыстағы мекемелерде жазасын өтеп жатқан 100-ге жуық сотталғанға қатысты қолданылады. Оның ішінде бір бөлігі бостандыққа шығарылса, 80-ге жуық сотталғанның жаза мерзімі қысқартылуға жатады.
ҚАЖ қызметкерлері рақымшылықпен бостандыққа шыққан азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне де ерекше көңіл бөлуде. Оларға жұмысқа орналасу, әлеуметтік мәселелерін шешу және қалыпты өмірге оралу бағытында қажетті көмек көрсетілуде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:05, 1 қыркүйек 2026
Алматыда қай жерде тегін жүгірумен айналысуға болады
-
13:58, 1 қыркүйек 2026
«Арсенал» маусым басындағы үш ойында да гол жібермей жеңіске жетті
-
13:46, 1 қыркүйек 2026
Энрике Иглесиастың концерті қарсаңында астаналықтарға жақсы жаңалық айтылды
-
13:39, 1 қыркүйек 2026
«Өмір бойы есімде қалады»: Қырғызстандағы Көшпенділер ойындарының ашылуы жұртты тәнті етті
-
13:15, 1 қыркүйек 2026
Алматының Ботаникалық бағынан 70 жылдық әйгілі тал ағашы алынып тасталды





