Қазақстан регби-7-ден Азия сериясының кезеңінде бесінші орын алды

18:52, 31 тамыз 2026
MKZ: 1564457

© Сурет: olympic.kz

Қытайдың Сучжоу қаласында ерлер мен әйелдер командалары арасында регби-7-ден Азия сериясының алғашқы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан әйелдер құрамасы топтық кезеңде Сингапур мен Өзбекстан құрамаларын жеңіп, Қытайға есе жіберді. Алдын ала кезең қорытындысы бойынша командамыз ширек финалға жолдама алды.

Жартылай финалға шығу үшін өткен кездесуде қазақстандық спортшылар Таиланд құрамасымен ойнап, 0:43 есебімен жеңіліп қалды. Осыдан кейін команда бесінші орын үшін күресін жалғастырды. Алдымен Қазақстан Өзбекстанды 29:7 есебімен жеңді. Ал шешуші кездесуде отандастарымыз Үндістаннан 17:12 есебімен басым түсіп, қорытынды есепте бесінші орынға ие болды.

Қазақстан ерлер құрамасы топтық кезеңде Шри-Ланка, Қытай және Оңтүстік Корея командаларына қарсы ойнап, үш кездесуде де жеңіліс тапты. Осыдан кейін құрама 9-12-орындар үшін күресті жалғастырды.

Қазақстандықтар Үндістанды 28:19 есебімен жеңіп, кейін Сингапурға 7:17 есебімен есе жіберді. Ал соңғы кездесуде Қазақстан Өзбекстаннан 17:14 есебімен басым түсіп, Азия сериясының алғашқы кезеңін оныншы орынмен аяқтады.

Айта кетейік, ерлер арасында Гонконг құрамасы жеңімпаз атанса, ал әйелдер арасында Жапония топ жарды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!