Петропавлға есірткі тиеп келген көлік бекетте ұсталды
© Фото: zakon.kz
Петропавлда полиция синтетикалық есірткінің таралуына тосқауыл қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері Петропавлда синтетикалық есірткінің ірі партиясының таралуына жол бермеді. Есірткі өткізді деген күдікпен Жамбыл облысының 42 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол облыс орталығына тәулікке жалға алған Chevrolet Cobalt автокөлігімен кірмек болған.
Полиция қызметкерлері оны Оңтүстік бақылау-өткізу бекетінде тоқтатты. Автокөлік салонынан психотроптық зат салынған, алдын ала өлшеп оралған пакеттер табылып, тәркіленді.
Сараптама олардың жалпы салмағы 120 грамм α-PvP есірткісі екенін көрсетті. Жүргізуші аса ірі мөлшерде есірткі өткізді деген күдікпен ұсталды. Медициналық куәландыру оның каннабиноидтарды қолданғанын анықтады. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр. Оған 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Жыл басынан бері СҚО полицейлері облыс орталығына есірткі жеткізудің 26 арнасының жолын кесті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:36, 31 тамыз 2026
Тоқаев Бішкектегі VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын тамашалады
-
20:10, 31 тамыз 2026
Қазақстан велотректен жасөспірімдер арасындағы Азия кубогында бес алтын медаль жеңіп алды
-
19:52, 31 тамыз 2026
Қызылорда облысында тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды
-
19:44, 31 тамыз 2026
Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Словенияда өткен турнирде алтын медаль жеңіп алды
-
19:39, 31 тамыз 2026
Астанада алаяқтықты кәсіп еткен күдікті ұсталды





