Қазақстан халқының саны артты: нақты көрсеткіш жарияланды

13:08, 1 қыркүйек 2026
MKZ: 1564565

© Фото: Zakon.kz

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқының саны туралы жаңартылған мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми дерекке сәйкес, 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша ел халқының саны 20 604 819 адамға жетті. Ал 1 шілдеде бұл көрсеткіш 20 590 589 адам болған.

Жыл басынан бері Қазақстан халқы 104 997 адамға көбейді. Оның ішінде табиғи өсім 99 419 адамды құраса, көші-қон есебінен халық саны 5 578 адамға артқан.

1 тамыздағы мәлімет бойынша, еліміздің қалаларында 13 085 110, ауылдық жерлерде 7 414 712 адам тұрады.

Алматы еліміздегі халқы ең көп қала болып қала береді. Мұнда 2 348 103 адам тұрады. Астана халқының саны – 1 639 176, ал Шымкентте 1 294 050 адам бар.

Өңірлер арасында Түркістан облысы көш бастап тұр. Облыс халқының саны 2 149 205 адамға жеткен. Одан кейін Алматы облысы – 1 596 532 адам және Жамбыл облысы – 1 215 656 адам.

Халқы ең аз өңір – Ұлытау облысы. Онда 219 049 адам тұрады.

Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 10 065 819 ер адам және 10 524 770 әйел тұратынын хабарлаған.

Айта кетейік, Үкімет 2035 жылға қарай Астана халқының санын 2 275 000 адамға жеткізуді жоспарлап отыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!