Астанада алаяқтықты кәсіп еткен күдікті ұсталды
© Фото: pexels
Астана полиция департаментінің Есіл аудандық криминалдық полиция қызметкерлері тұрғындарды қолжетімді шарттармен баспана рәсімдеп беремін деп сендіріп, жүйелі түрде алаяқтық жасаған 35 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу барысында күдікті өзінің қызметін негізінен "сарафанное радио" арқылы таратып, өзін мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары мен льготалық кредиттеу тәртібін жақсы білетін маман ретінде таныстырғаны анықталды.
Ол жәбірленушілерге төмен пайызбен пәтер алып беремін деп уәде беріп, алдын ала төлем алған.
Алайда алынған қаражатты ол өз қажеттілігіне жұмсап, уәде етілген қызметті көрсетпеген.
"Қазіргі таңда күдіктінің алаяқтықтың 20 эпизодына қатыстылығы анықталып отыр. Бір ғана жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын 1,5 миллион теңгені құрайды. Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады", – делінген хабарламада.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:10, 31 тамыз 2026
Қазақстан велотректен жасөспірімдер арасындағы Азия кубогында бес алтын медаль жеңіп алды
-
19:52, 31 тамыз 2026
Қызылорда облысында тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды
-
19:44, 31 тамыз 2026
Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Словенияда өткен турнирде алтын медаль жеңіп алды
-
19:22, 31 тамыз 2026
Жапаров Тоқаевты «Бішкек Арена» стадионында күтіп алды
-
18:56, 31 тамыз 2026
Тоқаев Малайзия премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады





