Жаңбыр, қар: Алматыда алдағы аптада ауа райы қандай болады

19:10, 9 қаңтар 2026

© Сурет: Zakon.kz

Синоптиктер Zakon.kz сайтына алдағы жеті күнге арналған алдын ала ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, оңтүстік астанада келесі аптада жауын-шашын мен тұман жиілеп, ауа температурасы біртіндеп төмендейді.

Жетекші инженер-синоптик Елена Улжабаеваның айтуынша, алдағы тәуліктерде мегаполисте жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, соның салдарынан ауа температурасы төмендейді.

"Аса жауын-шашын түспейді, тек 13 қаңтарға қараған түні жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін. Ал 16 қаңтарда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Алматыда мезгіл-мезгіл жауын-шашын болып, жаңбыр қарға ұласады, жолдарда көктайғақ пайда болады. Сонымен қатар апта бойы түнгі және таңғы сағаттарда тұман жиі байқалады", - деді "Қазгидромет" РМК өкілі.

Синоптиктің мәліметінше, түнгі уақытта ауа температурасы –4…–6 градустан 0…+2 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі. Ал апта басында күндіз ауа +7…+9 градусқа дейін жылынса, кейіннен +3…+5 градусқа дейін төмендейді.

Алматы қаласы бойынша ауа райы болжамы, 2026 жылғы 10-16 қаңтар

10 қаңтар: Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Шығыстан соққан жел 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде –4…–6°С, күндіз +2…+4°С.

11 қаңтар: Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан соққан жел 3–8 м/с. Түнде –1…–3°С, күндіз +7…+9°С.

12 қаңтар: Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан соққан жел 3–8 м/с. Түнде –1…+1°С, күндіз +7…+9°С.

13 қаңтар: Аспан бұлтты. Түнде жауын-шашын – жаңбыр, қар. Түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Түнде –1…+1°С, күндіз +5…+7°С.

14 қаңтар: Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, 3–8 м/с. Түнде 0…+2°С, күндіз +6…+8°С.

15 қаңтар: Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман. Батыстан соққан жел 3–8 м/с. Түнде 0…+2°С, күндіз +5…+7°С.

16 қаңтар: Аспан бұлтты. Кей уақытта жауын-шашын – жаңбыр, қар. Тұман, жолдарда көктайғақ. Солтүстік-батыстан соққан жел 2–7 м/с. Түнде 0…+2°С, күндіз +3…+5°С.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!