Жаңаөзенде баласының әрекеті үшін анасы сот алдында жауап берді
© Фото: Zakon.kz
Жаңаөзенде баласына нашар тәрбие берген ана жауапқа тартылды. Оның 15 жасар ұлы түн ортасында көлік құралын басқарған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Істі Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Онда әйелге ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен айып тағылды. (Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және (немесе) білім беру, құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамау).
Белгілі болғандай, оның кәмелетке толмаған 13.06.2009 жылы туған ұлы 06.04.2025 жылы түнгі сағат 03.00 шамасында Жаңаөзен қаласы, Жұлдыз шағын ауданында көлік құралын басқаруға құқығы жоқ күйінде автокөлік басқарған.
Осылайша, ана тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған ұлын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамай, ұлының әкімшілік құық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс әрекетке жол берген.
Әйел сотта берген түсініктемесінде кінәсін мойындап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісті.
Соттың қаулысымен әйел ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 55 048 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Бұған дейін Ақтөбеде сот 12 адамды 36 млн теңгеге алдаған жалған кәсіпкерге үкім шығарғандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 14 желтоқсан 2025
«Шұғыл ақша керек». Назым Қызайбай өзіне сыйға тартылған көлікті сатпақшы
-
17:50, 14 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:53, 14 желтоқсан 2025
БҚО-да қатты боран соғып, кейбір елдімекендер жарықсыз қалды
-
16:42, 14 желтоқсан 2025
«Қалың қар жауып, қатты жел соғады». Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
-
15:58, 14 желтоқсан 2025
Атырауда барлық оқушы ертең онлайн оқитын болады





