Жаңа жыл қарсаңында полиция ірі көлемдегі ұрлықты ашты
© Сурет: polisia.kz
Жаңа жыл алдындағы түнде полиция қызметкерлері құны 10 миллион теңге болатын зергерлік бұйымдардың ұрлығын жедел түрде ашты. Қылмыскерлерді ұстауға тәртіп сақшыларына бес сағат қана қажет болды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаментінің үйлестіруімен, Ақмола облысы және елордалық полиция қызметкерлерінің бірлескен жұмысы арқасында гастролер ұрылар «ізін суытпай» құрықталды.
Ұрлық жаңа жыл алдында таңғы сағат 04:30 шамасында Көкшетаудағы сауда үйлерінің бірінде жасалған. Қылмыскерлер сауда орнына пластикалық терезеден кіріп, бутиктен зергерлік бұйымдарды жымқырған.
Дабыл жүйесі іске қосылып, қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері оқиға орнына жетсе де, қаскүнемдерге ісін жүзеге асыруға 15 минут жеткен.
Бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеру барысында полиция қылмыс хронологиясын білді. Жедел топ күдік туғызған көлікті қылмыс орнында байқап, оның Көкшетаудан Астанаға шыққанын анықтады.
Астана – Петропавловск автожолында таңғы 09:27-де күдікті көлік тоқтатылды. Автокөліктің ішінде жүргізуші мен екі жолаушы болды. Тексеру барысында полиция ұрланған зергерлік бұйымдарды тәркіледі.
Ірі ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:50, 3 қаңтар 2025
ІІМ көлік жүргізушілеріне маңызды үндеу жасады
-
18:49, 3 қаңтар 2025
Ақмола облысындағы жаппай жол апаты: зардап шеккендер саны 20 адамға жетті
-
17:52, 3 қаңтар 2025
Астана әуежайында ұшып кететін үш, ұшып келетін 11 рейс кейінге шегерілді
-
17:19, 3 қаңтар 2025
Ақмола облысындағы жаппай жол апаты: 11 адам зардап шекті
-
16:53, 3 қаңтар 2025
4 қаңтарда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды