4 қаңтарда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
© Фото: zakon.kz
Синоптиктер ертең, 4 қаңтарда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астанада кей уақыттарда көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда тұман күтіледі. Жезқазған қ.: 04 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Қызылорда облысының батысында, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 04 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 04 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, түнде екпіні 23 м/с.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 25 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 04 қаңтарда тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, түнде кей уақытта 23 м/с күтіледі.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман. Атырау қ.: 04 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ.: 04 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 04 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 05 қаңтарда облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, 04-05 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 04-06 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:57, 5 қаңтар 2025
Шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңі: Қазақстан құрамасы күміс жүлде жеңіп алды
-
22:15, 5 қаңтар 2025
Ақмолалық өрт сөндірушілер тұрғын үйді өрттен сақтап қалды
-
21:53, 5 қаңтар 2025
Астанада, Алматыда, Шымкентте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
21:07, 5 қаңтар 2025
Маңғыстауда ұшақ апаты кезінде көмек көрсеткен азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды
-
20:39, 5 қаңтар 2025
Түркістандық әйел тау жиегінде атпен серуендеп жүргенде құлап кетті