Мемлекет басшысы уақыт белдеуіне қатысты пікір білдірді
© Фото: zakon.kz
Мемлекет басшысы уақыт белдеуіне қатысты пікір білдірді
Әрине, мен жағдайды көріп-біліп отырмын. Үкімет өз шешімінің орынды екеніне сенімді және Қазақстан бір уақыт белдеуінде болуы қажет деп санайды. Уақытты дұрыс пайдалану туралы Барселона декларациясында әртүрлі уақыт белдеуін енгізуге, оны қысқы және жазғы уақытқа ауыстыруға әуес болмау қажеттігі айтылған. Дегенмен азаматтарымыз өтініш білдіріп жатыр. Үкіметтің шешіміне қатысты ашық талқылаулар жандана түсті. Меніңше, қоғамда көзқарас қайшылығын тудыратын мұндай мәселелерді мұқият талқылау қажет. Сондықтан Парламентте ғалымдардың, сарапшылардың және аймақ өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдау өтті. Тараптар уақыт белдеуін ауыстырудың ел экономикасына және азаматтардың тұрмысына әсері жөніндегі барлық пікірді ескере отырып, 1 наурызға дейін жан-жақты зерттеу жүргізуге уағдаласты. Содан кейін нақты ұсыныстар әзірленеді. Парламент пен Үкімет бұл мәселені байыппен зерделеп, ортақ әрі дұрыс шешімге келетініне сенімдімін.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:40, 5 қаңтар 2025
Науқастарды медициналық оңалту: стандарт жаңартылды
-
12:28, 5 қаңтар 2025
Миллиардтан астам теңгенің ұрлығы: бұрынғы мәдениет вице-министрінің ісі сотқа жолданды
-
12:14, 5 қаңтар 2025
Мемлекет басшысы Мысыр, Ирак және басқа да елдерге жаңа елшілерді тағайындады
-
12:09, 5 қаңтар 2025
Ерке Есмахан отбасылық қысқы фотосессиясымен оқырмандарын тәнті етті
-
11:59, 5 қаңтар 2025
2025 жылы қазақстандықтардың зейнетақылары мен жәрдемақыларына бөлінетін қаржы көлемі белгілі болды