Қазақстанда санитарлық кітапшалар мен медициналық анықтамалар цифрлық форматқа көшеді
© Сурет: pixabay
Жаңа жылдан бастап жеке медициналық кітапшалар беру, есепке алу және жүргізу электронды форматқа көшіріледі. Аталған тетікті енгізу азаматтарға құжатты бірден бірнеше ұйымға ұсынуға мүмкіндік береді, бұл олардың уақыты мен қаражатын үнемдейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде 1,6 млн-ға жуық қазақстандықтың санитарлық кітапшасы бар. Өзгерістер басқа медициналық құжаттардың берілуіне де әсер етті.
Сондай-ақ азаматтарға ыңғайлы болу үшін қағаз түрінен электронды форматқа көшіру жоспарланып отыр:
- Еңбекке жарамсыздық парағы;
- 075/у "Медициналық анықтама";
- 026/у "ДКК қорытындысы";
- 073/у "ТҚ басқаруға рұқсат беру туралы анықтама";
- 069/у "Санаторий-курорттық карта";
- 052-2/у "Бала денсаулығы паспорты";
- 076/у "Қаруға рұқсат алу;
- 038/у "Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама".
"Қазіргі уақытта бұл мақсатқа жету үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құжаттар үшінші қолға азаматтардың келісімімен ғана еDensaulyq бөлімінде медициналық деректерге қол жеткізу мүмкіндігі бар eGov mobile қосымшасы арқылы беріледі". Үкіметтің баспасөз қызметі
Сонымен қатар жаңа жылдан бастап балаға екпе салуға рұқсат беру немесе бас тарту да электронды түрде тіркеледі. Егер екпе салынған пациент вакцинадан кейінгі асқынуларға шағымданған жағдайда ғана әрекет алгоритмі өзгереді. Медицина тілінде мұны иммунизациядан кейінгі жағымсыз әсерлер деп атайды. Дәрігер дереу көмек көрсетуге, электронды хабарлама ресімдеп, оны мемлекеттік органдарға тапсыруға міндетті болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:35, 5 қаңтар 2025
2025 жылы Алматыдағы ботаникалық бақтың жұмысына қандай өзгеріс енгізілді
-
13:14, 5 қаңтар 2025
«Мені ұрлап кетті»: жалған ақпарат берген жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды
-
13:09, 5 қаңтар 2025
ШҚО-да 5 млн теңгенің малын қолды қылған күдікті ұсталды
-
12:56, 5 қаңтар 2025
Қытайдағы метапневмовирус індеті – Денсаулық сақтау министрлігі жағдайға қатысты түсініктеме берді
-
12:40, 5 қаңтар 2025
Науқастарды медициналық оңалту: стандарт жаңартылды