Тоқаев 2026 жылы БҰҰ басқара ма

10:16, 3 қаңтар 2025

© Сурет: akorda.kz

Әлеуметтік желіде Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылы Біріккен Ұлттар Ұйы­мын басқаруы мүмкін, соған байланысты елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді деген қауесет тарап жатыр. Президенттің өзі Ana tili газетіне бергенде бұл қауесетке қатысты жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мен Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысының орынбасары және Қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы ретінде осы ұйымның Женевадағы кеңсесін үш жылға жуық басқардым. Халықаралық үдерістердің қыр-сырына бойлап, мол тәжірибе жинадым. Осының өзі артығымен жетеді деп ойлаймын", - деді ол.

Мемлекет басшысы Қазақстанды дамытуға қатысты талай жылға арналған ауқымды жоспарлары бар екенін айтты.

"Оның бәрін жүзеге асыруға ниеттімін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!