Қазақстан жастар құрамасы шайбалы хоккейден әлем чемпионатының бірінші дивизионына түсіп қалды
© Сурет: Қазақстан хоккей федерациясы
Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатының жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалу үшін Германиямен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық хоккейшілер алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 4-минутында Асанәлі Русланұлы көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Көп ұзамай германиялық Максим Шефер есепті теңестірді.
Ал 17-минутта қазақстандық Никита Ситников қайтадан ұлттық құраманы алға шығарса, екінші кезеңнің 22-минутында Артур Гросс басымдықты арттыра түсті.
Қарсыластар сапынан Максим Шефер 23, Эдвин Тропман 24- минутта қос гол соғып, таразы басын теңестірді.
Ойынның 44-минутында Юлиус Зумпф соққан шайба Германияға жеңіс алып келді.
Осылайша Қазақстан жастары қарсыласына 3:4 есебімен жеңіліп, бірінші дивизионға түсіп қалды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан жастар құрамасы жоғары дивизионда тоғыз мәрте бақ сынады. 1999 жылы алтыншы орынға тұрақтады. Әзірге бұл ұлттық құраманың ең үздік көрсеткіші.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:46, 5 қаңтар 2025
Қазақстан құрамасы семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогында қола медальға ие болды
-
18:13, 5 қаңтар 2025
Фристайл-могулдан Қазақстанда өтетін әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құрама спортшылары анықталды
-
17:52, 5 қаңтар 2025
Дзюдо: Қазақстан жаңа маусымды әлемдік рейтингте нешінші орнынмен бастайды
-
17:12, 5 қаңтар 2025
Қазақстандық екі шпагашы жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді
-
16:15, 5 қаңтар 2025
Қазақстанның үш өкілі Australian Open турнирінде өнер көрсетеді