Жамбыл облысында бір күнде бес білім нысаны пайдалануға берілді

17:55, 20 қаңтар 2022
101

© Сурет: Жамбыл облысының баспасөз қызметі

Жамбыл облысында 3 жаңа мектеп пен 2 білім нысанының қосымша ғимараты пайдалануға берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараз қаласы «Шалғай қарасу» алқабындағы 600 орынды жаңа мектептің құрылысы жергілікті тұрғындардың өтінішіне сәйкес жүзеге асып отыр. Жобалық құны 2,1 млрд. теңгені құрайтын нысанды мердігер – «ТемірСтройСервис» ЖШС салған.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ата-аналар мен оқушыларды қуанышымен құттықтады.

Әрбір елдің болашағы, дамуы – оның білімді, саналы, денсаулығы мықты жастарына байланысты. Біздің елімізде осыған айрықша ден қойылған. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген10 Ұлттық жобада да бұл бағытқа баса назар аударылған.Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев

Жаңа мектеп, Жамбыл облысы

Сурет: Жамбыл облысының баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыста көптеген әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Соңғы екі жылдың өзінде өңірде 41 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Биыл 24 мектеп салу жоспарланған. Оның ішінде жеті жекеменшік білім ордасы бой көтереді. Нәтижесінде, апатты жағдайдағы, үш ауысымды, орын тапшылығы бар мектептердің мәселесі шешілмек.

Жамбыл облысы, жаңа мектеп

Сурет: Жамбыл облысының баспасөз қызметі

Мұның бәрі оқушылардың жайлы жағдайда, сапалы білім алуы үшін жасалуда. Өз кезегінде балаларымыз да тәрбиелі, білімді болып бой түзеуі керек. Оған мектептегі педагогтармен қатар ата-аналар да атсалысуы тиіс.Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев

Аталған оқу ордасында 700-ден астам бала білім алатын болады. Нысан модификациялық кабинеттермен, 200 орындық асхана, 130 орындық мәжіліс залы және кең спорт залмен қамтылған. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес мектептің ішкі және сыртқы безендірілуінің мазмұнына айрықша назар аударылуда.

Жаңа мектеп біздің алқап тұрғындары үшін тамаша тарту болды. Бұған дейін балаларымыз жан-жаққа сабылып, автобуспен тасымалданып алыс мектептерде оқыған еді. Енді, міне, үйіміздің қасындағы зәулім, заманауи оқу ордасында білім алатын болады. Бұл үшін Мемлекет және облыс басшылығына деген ризашылығымызды жеткізгім келеді.Жамбыл облысының тұрғыны Кішкенбай Айтбаев

Жамбыл облысы, жаңа мектеп

Сурет: Жамбыл облысының баспасөз қызметі

Байзақ ауданы Жібек жолы ауылындағы 150 орындық жаңа мектеп небәрі 4 айда пайдалануға беріліп отыр. Өткен жылдың қыркүйек айында басталған құрылыс жұмыстарын мердігер «Сырым Белеке» ЖШС бүгінде толығымен аяқтаған.

жаңа мектеп, Жамбыл облысы

Сурет: Жамбыл облысының баспасөз қызметі

Еске сала кетейік, өткен жылы тамыз айының соңында Байзақ ауданында орын алған төтенше жағдай салдарынан аталған №5 ескі мектептің ғимараты мүлде жарамсыз күйге түскен болатын. Оның орнына жаңа білім нысанын салу туралы шешім қабылданып, Мемлекет басшылығының тапсырмасына сәйкес құрылыс барысы облыс әкімінің жеке бақылауында болды.

Барынша қысқа мерзімде осындай жайлы, сапалы ғимарат салып берген құрылысшыларға рахметімізді айтамыз. Мұның бәрі оқушылардың игілігіне арналады. Балалар – біздің болашағымыз десек, олардың тәрбиелі, білімді, озық ойлы болып өсуі маңызды. Енді мұндағы ауыл балалары мемлекет жасап отырған мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, биіктен көрінуге күш салуы керек.Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев

Ауыл тұрғыны, қария Бейсен Жүргенбаев 4-ақ айдың ішінде жаңа мектеп салып берген мемлекет, облыс басшылығына ризашылығын жеткізді.

Мен бұған дейін осындай қысқа мерзімде жаңа мектептің салынғанын көрмеппін. Жамбыл облысының тарихында 4 айда бұрын соңды мектеп салынбаған. Жаңа жылда балаларымыз жаңа мектепке барады дегенге алғашында ешкім сенбеген еді. Бірақ ол уәде орындалды. Аудандағы алдыңғы қатарлы мектеп біздің ауылымыздан бой көтерді. Бұл жіті бақылаудың, жүйелі жұмыстың нәтижесі деп білемін.Жібек жолы ауылының тұрғыны Бейсен Жүргенбаев

Бұл күн Шахан ауылының тұрғындары үшін де қуанышқа толы болды. Ауылдықтардың өтініші орындалып, бар-жоғы жеті айдың ішінде 100 орындық жаңа мектеп пайдалануға беріліп отыр. Бұған дейін ескі мектепте оқыған оқушылар енді жаңа, жайлы, заманауи әрі сапалы салынған нысанда білім алмақ.

Облыс әкімі биыл мектепке келетін ауылішілік көшелер жөнделіп, жарықтандырылатынын айтты.

Жамбыл облысы

Сурет: Жамбыл облысының баспасөз қызметі

Сондай-ақ, Көкөзек ауылындағы Т. Ақбозов атындағы орта мектеп ғимаратына, Сарыкемер ауылындағы Байзақ колледжіне жанама салынған құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде оқу орындары кеңейтіліп, онда кең әрі жайлы спорт зал және асхана пайда болды. Бұл мұнда білім алушылардың уақыттарын тиімді өткізуге, спортен жүйелі түрде шұғылдануына зор мүмкіндік беруде.

Облыс әкімі жаңадан ашылған нысандардың мәжіліс залдарында жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың өтініштерін, ой-пікірлерін тыңдады.

Соңғы кездегі оқиғалар ешкімге оңай болған жоқ. Дегенмен, біз Мемлекет басшысының нақты міндеттері мен шешімдерінің арқасында қиындықтарды еңсере білдік. Қазір жағдай тұрақталды. Алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктерге жол бермес үшін, қоғамдық келісімге, ұрпақ тәрбиесіне айрықша назар аударуымыз керек. Балаларымыздың тәрбиесіне мұғалімдермен қатар үйдегі ата-ана да барынша атсалысқаны абзал. Әркім өз балаларын қадағалап отыру керек. Бердібек Сапарбаев

«Бейбітшілік бар жерде – береке бар» екенін естен шығармайық,-деген Бердібек Сапарбаев ауылдықтарды бірлікке, ел игілігі жолында жұмыла жұмыс істеуге шақырды.

Облыс әкімінің Байзақ ауданындағы жұмыс сапары актив жиналысымен қорытындыланды. Жиында аудан әкімінен бастап құқық қорғау органдарының, салалық бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есеп берді.

Ел Президентің халықтың тұрмыстық табысын арттыру, әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша жүктеген тапсырмаларын нәтижелі орындауға күш салу керекпіз. Жергілікті тұрғындармен жиі кездесіп, олардың өтініштеріне құлақ асып отыру маңызды,-деген аймақ басшысы коронавирустық инфекцияның қайта өршіп келе жатқанын айтып, жауапты тұлғаларға санитарлық талаптарды сақтау, ревакцинациялау шараларын күшейту бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.Бердібек Сапарбаев

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!