Жайық өзеніндегі су деңгейі сыни белгіден асса да, судың келуі толастар емес
© Сурет: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы Жайық өзеніндегі 10 мамырдағы су деңгейі бойынша соңғы ақпараттарды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Су деңгейі келесідей өзгерді:
- с. Индербор + 22 см, су деңгейі - 1014 см, шекті деңгейі - 845 см;
- с. Махамбет + 16 см, су деңгейі - 924 см, шекті деңгейі - 850 см;
- Атырау қ. + 6 см, су деңгейі - 528 см, шекті деңгейі - 550 см;
- Жаңаталап ауылы + 4 см, су деңгейі - 379 см, шекті деңгейі - 500 см;
- с. Еркінқала + 4 см, су деңгейі - 339 см, шекті деңгейі- 450 см.
Су тасқынынан қорғау үшін Махамбет және Сарытоғай ауылдары арасындағы жол уақытша жыртылды. Осыған байланысты жол қатынасы тоқтады.
"Жайық өзенінен мол су ағыны байқалады. Оның деңгейін төмендету мақсатында арнайы техниканың көмегімен жол жыртылып, ұзындығы 11 метр және ені 1,5 метр екі құбыр орнату жұмыстары жүргізілді. Осыған байланысты елді мекендер арасындағы жол қатынасы уақытша тоқтатылып, ауыл тұрғындарына жағдай түсіндірілді", – деді Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев.
Махамбет ауылдық округі мен Сарытоғай ауылын жалғайтын жолдың жалпы ұзындығы 5 шақырымды құрайды. Махамбет және Сарытоғай ауылдарында 12 924 адам тұрады.
10 мамыр күні таңертең Атырау облысы Индер ауданының Индербор елді мекенінде Жайықта су деңгейі жоғарылағаны хабарланды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:54, 17 желтоқсан 2025
Шымкентте 16 магнит тасын жұтып қойған үш жасар балаға шұғыл ота жасалды
-
22:49, 17 желтоқсан 2025
«Қарлы боран тұрады». 18 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
22:14, 17 желтоқсан 2025
Түркістан облысында көпір қирады
-
21:58, 17 желтоқсан 2025
Шымкентте бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған көпбалалы ана сотталды
-
21:58, 17 желтоқсан 2025
Шымкентте көпбалалы ана сотталды





