Мемлекет басшысы «таза көмір» технологиясына тезірек көшуді тапсырды
© Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы энергетика саласы мамандарының кәсіби мерекесіне арналған жиында Қазақстанның көмірге бай ел екенін айта келіп, осы стратегиялық артықшылықты дұрыс пайдалану керектігін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің пікірінше, Қазақстанның табиғи ресурстарын және өндірістік әлеуетін ескерсек, біз электр қуатын басқа елдерден сатып алмауымыз керек.
"Түптеп келгенде, бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Бұдан бөлек, еліміздің зор энергетикалық мүмкіндігін тиімді қолдану қажет. Мысалы, Қазақстан – көмірге бай ел. Жыл сайын 110 миллион тоннадан астам көмір өндіріледі. Осы стратегиялық артықшылықты дұрыс пайдаланған жөн. Біз заманауи үлгідегі "таза көмір" технологиясына тезірек көшуіміз керек. Сол арқылы көмір станцияларының тиімділігін арттыра түсеміз. Бұдан бөлек, Курчатов қаласында жылу электр станциясын, Көкшетау, Семей, Өскемен қалаларында жылу электр орталықтарын салу қажет. Осы нысандардың барлығына "таза көмір" технологиясын енгізу керек. Шындығын айтсақ, бұл жобалардың жүзеге асуы әбден созылып кетті. Енді ары қарай күтуге болмайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін президент Алматыда ауаның ластану деңгейін төмендету жолын айтып берген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:23, 17 желтоқсан 2025
ҚҚС қайтару жүзеге асырылатын елшіліктер мен дипломатиялық өкілдіктердің тізбесі бекітілді
-
14:13, 17 желтоқсан 2025
Жаңа жылдық дастархан қаншаға қымбаттады – Сауда министрлігі хабарлады
-
14:01, 17 желтоқсан 2025
Қазақстанда медицина қызметкерлерін қорғау күшейтіледі
-
13:54, 17 желтоқсан 2025
Ішкі істер министрлігі: жаңа жылда қауіпті фейерверктерге әкімшілік жауапкершілік қолданылатын болады
-
13:41, 17 желтоқсан 2025
–28°С-тен +3°С-қа дейін: Қазақстандағы ауа райы 18 желтоқсанда қалай өзгереді





