Шымкентте 16 магнит тасын жұтып қойған үш жасар балаға шұғыл ота жасалды

22:54, 17 желтоқсан 2025

© Фото: zakon.kz

Шымкентте дәрігерлер 16 магнит тасын жұтып қойған балаға күрделі ота жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасынаың мәліметінше, қалалық балалар клиникалық ауруханасына іші қатты ауырған 3 жасар бала жеткізілді. Ата-анасының айтуынша, бала ойнап жүріп магниттерді жұтып қойған. Балақайдың ішін тексергенде айқын ауырсыну белгілері анықталады.

"Қабылдау бөлімінде науқасқа шұғыл медициналық шаралар жүргізіліп, одан кейін хирургия бөлімшесіне жатқызылды. Рентгенологиялық зерттеудің тікелей проекциясында баланың ішінен бөгде зат анықталды. Тиісті медициналық тексерулерден кейін балаға жедел ота жасалды", делінген хабарламада.

Ішіне видеоэзофагогастроскопия жүргізіліп, асқазан қуысынан диаметрі шамамен 0,5 сантиметр болатын 16 магнит тасы анықталды.


"Бөгде заттар эндоскопиялық граспердің көмегімен ағзадан толық алынып тасталды. Қазіргі таңда баланың жағдайы қанағаттанарлық, дәрігерлер науқастың өміріне төнген қауіптің дер кезінде алдын алды", - дейді дәрігерлер.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!