Алматыда қоқыс өртейтін зауыт қашан салынып бітеді - әкім жауабы
© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды 2025 жылғы 17 желтоқсанда ОКҚ-да өткен брифинг барысында қоқыс өртейтін зауыт құрылысының барысына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол қытайлық компаниямен инвестициялық келісімге қол қойылғанын және зауыт салу үшін жер учаскесі бөлініп қойғанын еске салды.
"Қазір бұл жоба ұлттық экономика министрлігімен және энергетика министрлігімен өзара келісіліп жатыр. Ресурстарға келсек, біздің есептеулеріміз бойынша, бұл ретте қандай да бір проблемалар жоқ. Өздеріңіз білетіндей, бұл салада қаланың түкпір-түкпірінен қоқыс жинайтын 20-ға жуық компания жұмыс істейді, 300 көлік құралы қоқысты "Green Recycle" ЖШС-ға жеткізеді. Ол арада қалдықтар сұрыпталып, агломерация шегінде қайта өңдеуге жіберіледі. Ал қалғанын құрылысы аяқталғаннан кейін қоқыс өртейтін зауытқа жіберетін боламыз. Ол жобаға көктемде кірісетін болармыз", - деді Дархан Сатыбалды.
Оның айтуынша, жоба экологиялық сараптамадан өтеді, қоғамдық тыңдаулар болады, содан кейін ғана оның құрылысы басталады.
Сондай-ақ, журналистер әкімге Райымбек батыр көшесі бойындағы BRT желісін кеңейту туралы шешім автокөлік жүргізушілерінің наразылығын тудырып жатқанын жеткізді.
"BRT тек Райымбек емес, бүкіл қала бойынша болады. Өйткені қала жолдарында қоғамдық көлікке басымдық беріледі. BRT көлігі экологиялық таза отынмен жүреді. Сонымен қатар, ол адамдарды көбірек тасымалдайды. Бізде автомобильдер үшін емес, адамдарға ыңғайлы қала салу тұжырымдамасы бар. Ұзақ жылдар бойы қала автомобильдерге ыңғайланып салынып келді, бірақ содан кейін біз басқа елдердегі әріптестерімен кездестік, олар жолдар неғұрлым көп салынып, кеңейтілсе, соғұрлым көп көлік пайда болатынын айтты", – деп атап өтті Дархан Сатыбалды.
Әкім бір кездері жол кептелісі мәселесін шешу үшін эстакадалық жолдарды салу мәселесі қарастырылғанын мойындады.
"Бірақ соңында талдау эстакадалық жолдар қаладағы кептеліс мәселелерін екі есе артыратынын көрсетті. Бас жоспар бойынша қала 350 мың автокөлікке есептелген, ал қазір қалада бір уақытта 1 миллионнан астам автокөлік бар. Көлік жүргізуге дағдыланған әрбір адамның әдеттегі өмір ырғағына теріс әсер ететінін, қолайсыздықтар тудыратынын, ренжитіндерін де түсінемін. Бірақ бізде басқа балама жоқ, экология және көлік мәселелерін жолаушыларды қайта теңгерімдеу есебінен шешу керек", - деп сөзін қорытындылады Дархан Сатыбалды.
Біз бұған дейін "Шымбұлақ" пен "Ой-Қарағай" курорттары аспалы жол арқылы біріктірілетінін жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:09, 17 желтоқсан 2025
Ақтауда сирек ота жасалды: клиникалық өлім жағдайына түскен науқас аяғына тұрды
-
19:58, 17 желтоқсан 2025
Балқаш қаласында науқас өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды
-
19:18, 17 желтоқсан 2025
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы 19 желтоқсанда жағылады
-
18:58, 17 желтоқсан 2025
Мемлекеттік тумен безендірілген көліктерді себепсіз тоқтату деректері тексеріледі - ІІМ
-
18:58, 17 желтоқсан 2025
Тәуелсіздік күніне орай безендірілген көліктерді себепсіз тоқтатқан полицейлер жазаланады - ІІМ





