«Қарлы боран тұрады». 18 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
© Сурет: Zakon.kz
17 желтоқсанда, сағат 20:00-ден 18 желтоқсандағы сағат 20:00-ге дейінгі аралықта Қазақстан аумағында қолайсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде қар жауып, көктайғақ, тұман болады және секундына 15-20 метр жылдамдықпен қатты жел ұйытқитыны болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-батысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады.
Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Талдықорғанда 18 желтоқсанда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман түседі деп болжанады.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында қалың қар түседі, облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қонаевта 18 желтоқсанда түнде көктайғақ, тұман болады деп болжанады. Алматыда 18 желтоқсанда көктайғақ, тұман болады деп күтіледі.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Атырауда 18 желтоқсанда көктайғақ болады деп болжанады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауып, бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауып, бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Қызылорда облысының орталығында тұман түседі деп күтіледі.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
18 желтоқсанда түннің бірінші жартысында Түркістан облысының таулы аудандарында қалың қар түседі, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүріп, өңірдің батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Шымкентте және Түркістанда 18 желтоқсанда кей уақыттарда тұман болады деп болжанады.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түсу ықтималдылығы жоғары.
Түнде және күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Таразда 18 желтоқсанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Ақмола облысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Айта кетсек, 2025 жылғы 18 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде боран соғып, қар жауатыны болжанады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:54, 17 желтоқсан 2025
Шымкентте 16 магнит тасын жұтып қойған үш жасар балаға шұғыл ота жасалды
-
22:14, 17 желтоқсан 2025
Түркістан облысында көпір қирады
-
21:58, 17 желтоқсан 2025
Шымкентте бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған көпбалалы ана сотталды
-
21:58, 17 желтоқсан 2025
Шымкентте көпбалалы ана сотталды
-
21:48, 17 желтоқсан 2025
Синоптиктер Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарына жүгініп, ескерту жасады





