Шымкентте көпбалалы ана сотталды
© Фото: zakon.kz
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін бірнеше рет жымқыру бабымен айыпталған көпбалалы анаға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сотта көпбалалы әйелдің 2025 жылдың қаңтар айында Instagram-дағы парақшасы арқылы инвесторлар ақшалай қаражат берген жағдайда, тендер арқылы ақшалай қаражатты көбейтіп беретіндігі туралы жалған ақпараттарды жарнамалағаны, ал одан түскен ақшаны құмар ойындарға жұмсағаны анықталды.
Жәбірленушілерге 35 419 000 теңге көлемінде мүліктік залал келтірген.
Жәбірленушілер жаза тағайындау барысында соттың қарауына қалдырды.
Сотталушы кінәсін толық мойындап, істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіріп, қатаң жаза тағайындамауды сұрады.
Сот сотталушының қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін толық мойындап, істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіргенін және асырауында жасөспірім балаларын болуын ескерді. Іс бойынша оның жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайларға қылмыстың қайталануын жатқызды.
"Сот, А-ны ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танып, оған 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады. Рақымшылық заңды қолдану арқылы түпкілікті жазаның мерзімі үштен бір бөлігіне қысқартылып, түпкілікті 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, 14 жасқа толмаған төрт баласының болуына байланысты жазасын өтеуі 5 жыл мерзімге қалдырылды. Іс бойынша талап арыздар толығымен қанағаттандырылды", делінген 17 желтоқсандағы сот хабарламасында.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Бұған дейін Балқаш қаласында науқас өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:54, 17 желтоқсан 2025
Шымкентте 16 магнит тасын жұтып қойған үш жасар балаға шұғыл ота жасалды
-
22:49, 17 желтоқсан 2025
«Қарлы боран тұрады». 18 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
22:14, 17 желтоқсан 2025
Түркістан облысында көпір қирады
-
21:58, 17 желтоқсан 2025
Шымкентте бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған көпбалалы ана сотталды
-
21:48, 17 желтоқсан 2025
Синоптиктер Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарына жүгініп, ескерту жасады





