Ұшқыштардың қасақана әрекеті: 20 жылда 800 адам қаза тапқан

12:35, 9 қазан 2026
MKZ: 1571424

© Сурет: pexels

Израильге бағыт алған Boeing 737 MAX ұшағының ұшқышы әуе кемесін істен шығаруға әрекет жасаған оқиға аспандағы басты қауіптің бірі ұшақ кабинасында болуы мүмкін екенін көрсетті. 2005 жылдан бері әлемде ұшқыштардың қасақана әрекеттерінен кемінде 800 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Zakon.kz

Oxu.Az басылымының жазуынша, мұндай апаттардың қатарында 2014 жылы Malaysia Airlines әуе компаниясының ұшағының жоғалып кетуі, 2022 жылы China Eastern ұшағының апатқа ұшырауы және 2025 жылы Air India ұшағымен болған апат бар.

Жергілікті тергеушілер америкалық мамандардың тұжырымдарын растаған жоқ. Алайда бұл оқиғаларға қатысты түпкілікті есептер әлі жарияланбаған. Ресми түрде ұшқыштың қасақана әрекетімен байланысты екені мойындалған жалғыз жағдай – 2015 жылы екінші ұшқыш Airbus ұшағын әдейі тауға бағыттаған Germanwings әуе компаниясының апаты.

Сонымен қатар соңғы 20 жылда әуе қатынасы қауіпсіз бола түсті: рейстер саны 37%-ға артса, адам өлімі 35%-ға азайған. Сарапшылардың пікірінше, ұшқыштарды даярлау мен заманауи технологиялар қауіптің алдын алуға белгілі бір дәрежеде ғана көмектеседі. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Boeing компаниясында келесі буындағы ұшақтарды жобалау кезінде қасақана апатқа ұшырату әрекеттерінің алдын алу жолдары байыппен қарастырылып жатыр.

Germanwings апатынан кейін Еуропада дәрігерлерге ұшқыштардың психикалық денсаулығындағы мәселелер туралы хабарлау міндеті жүктелді. Алайда 30 қыркүйекте flydubai компаниясына қатысты болған оқиға ұшуға уақытша жіберілмеген ұшқыштың қайтадан әуе кемесін басқаруға оралып, капитанға балтамен шабуыл жасағанын көрсетті.

Бұған дейін Қазақстандағы соңғы Ан-26 ұшағын "зейнетке шығарып салғаны" туралы жазған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!