Қазақстанның халық әртісі, көрнекті композитор Бақыр Баяхунов өмірден өтті
© Сурет: bayakhunov.ru
Қазақстанның халық әртісі, профессор, көрнекті композитор Бақыр Баяхунов 93 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін, 2026 жылғы 9 қазанда Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі Бақыр Яхияұлының отбасына, туған-туыстары мен жақындарына, әріптестері мен шәкірттеріне қайғыра көңіл айтты.
Бақыр Яхияұлы бүкіл саналы ғұмырын музыка өнеріне арнап, отандық композиторлық мектептің дамуына елеулі үлес қосты. Қазақтың музыкалық мұрасын, Шығыс халықтарының әуен-саздарын еуропалық академиялық музыка дәстүрлерімен шебер ұштастырған туындылары еліміздің рухани қазынасын байытты.
Көрнекті ұстаз Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында 40 жылдан астам еңбек етіп, кәсіби музыканттардың бірнеше буынын тәрбиеледі. Ол шәкірттеріне білім берумен қатар, өнердің қадір-қасиетін ұғындырып, шығармашылықта өз жолын табуға көмектесті.
Бақыр Яхияұлының бай шығармашылық мұрасы, ұстаздық өнегесі мен жарқын бейнесі халық жадында мәңгі сақталады.
Zakon.kz редакциясы Бақыр Баяхуновтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
2026 жылғы 2 қазанда Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі журналист Индира Жылқайдарованың қайтыс болуына байланысты оның отбасына, туған-туыстары мен жақындарына және әріптестеріне көңіл айтқан еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:17, 9 қазан 2026
Елена Рыбакина өзін үш сөзбен сипаттады
-
13:02, 9 қазан 2026
«Оба емес»: Ресейде қайтыс болған зертхана қызметкерінің анасы қызының өліміне қатысты себепті жоққа шығарды
-
12:42, 9 қазан 2026
Ер адам әйелін өлтіріп, кішкентай балаларын қылмысқа көмектесуге мәжбүрлеген
-
12:35, 9 қазан 2026
Ұшқыштардың қасақана әрекеті: 20 жылда 800 адам қаза тапқан
-
12:28, 9 қазан 2026
Филиппинде жанартау туристердің көз алдында атқылады





