«Оба емес»: Ресейде қайтыс болған зертхана қызметкерінің анасы қызының өліміне қатысты себепті жоққа шығарды
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Роспотребнадзор Иркутск облысындағы обаға қарсы институт қызметкерінің өліміне қатысты мәлімдеме жасады. Ведомствоның мәліметінше, әйел анықталмаған этиологиялы пневмониядан қайтыс болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТАСС агенттігінің Роспотребнадзорға сілтеме жасап хабарлауынша, Ресейдегі Сібір мен Қиыр Шығыстағы Иркутск обаға қарсы ғылыми-зерттеу институтының қайтыс болған қызметкерінен этиологиясы анықталмаған пневмония анықталған.
Ведомство кеңейтілген зерттеу нәтижелері бойынша науқастан алынған материалдардан оның кәсіби қызметіне байланысты микроорганизмдер табылмағанын нақтылады.
Ресейдегі Иркутск обаға қарсы ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеген марқұм қызметкердің анасы Светлана Шипилова да жағдайға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қызы жұмыс істеген сынауықтар соққыға төзімді.
Oxu.Az басылымының жазуынша, әйел қызының өлімі туралы медициналық қорытындыны әлі алмағанын және карантинге жатқызылған ауруханадан шығуына рұқсат берілмей отырғанын айтқан.
Оның сөзінше, күн сайын одан талдауға қан алып, жағынды жасайды.
"Бір нәрсені тексеріп, іздеп жатқан сияқты. Мүмкін, басқа бір инфекциядан қорқатын шығар. Бізге COVID жұғып кетпесін деген шығар", – деді ол.
Шипилова қызының өліміне қатысты тараған ақпаратты "шоу" деп атады.
"Балам туралы жағымсыз сөздерді оқығым келмейді. Мен шындықты білемін. Осыған сеніп қалған аңғал таныстарымның сөзіне қарсы шығып жүрмін. Ақылды адамдар, әрине, сенген жоқ. Тіпті кейбір медицина қызметкерлері де сынауықты сындыру мүмкін емес екенін түсінбейді. Оны қабырғаға бар күшіңмен лақтырсаң да, сындыру мүмкін емес. Мұны тек әуесқой адам ғана айтуы мүмкін. Тіпті теориялық тұрғыдан алғанда да, оның ішіндегісін төгіп алу немесе сынауықты сындыру мүмкін емес. Олар өте жақсы қорғалған", – деп түсіндірді ол.
Ресейлік БАҚ-та Дарья Шипилова оба таяқшасы бар сынауықты абайсызда сындырып алып, бұл туралы жасырған болуы мүмкін деген болжам тараған. Алайда марқұмның әріптестері "Люди Байкала" басылымына институтта мұндай жағдайдың болуы мүмкін емес екенін айтқан.
"Тіпті сынауық сынған күннің өзінде де, онда оқшауланған бокс пен арнайы қорғаныш киімдері бар. Ештеңе болмайды", – деді институт қызметкері.
Марқұмның обаға қарсы институтта тәжірибеден өткен курстасы да қауіпсіздік шараларының қатаң екенін атап өтті. Оның айтуынша, институтта тәжірибеден өтуге келген студенттерді қоса алғанда, барлығына обаға қарсы екпе салынады.
Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Иркутск облысындағы жағдайға қатысты жаңа мәлімдеме жасаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:32, 9 қазан 2026
Өкпе обыры: Қазақстанда 2027 жылы скринингтің жаңа әдісі сынақтан өткізіледі
-
14:26, 9 қазан 2026
Түркістан облысында полицей әйелдің 5 млн теңгесін алаяқтардан сақтап қалды
-
14:13, 9 қазан 2026
«Алдап шақырып, ұрып-соғып, көлігін тартып алған»: Астанада бопсалаушылар тобы сотталды
-
14:04, 9 қазан 2026
Қандастар мен шетелдіктерге қатысты: Еңбек министрлігі құжаттарды интернет арқылы рәсімдеу жолын түсіндірді
-
13:55, 9 қазан 2026
Тас жолдың жиегіне тоқтаудың қауіпті екені ескертілді





