8 қазандағы саудада доллар қымбаттады

16:01, 8 қазан 2026
MKZ: 1571270

© Фото: Zakon.kz

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 8 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 1,73 теңгеге көтеріліп, 448,94 теңгені құрады.

Ресей рублінің бағамы 5,22 теңге деңгейінде қалды.

Қытай юанінің бағамы 0,99 теңгеге өсіп, 66,81 теңге болды.

Ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 450,2 теңге, сату бағамы – 452,5 теңге. Еуроны сатып алу бағамы – 502,8 теңге, сату бағамы – 507,5 теңге. Рубльді сатып алу бағамы – 5,09 теңге, сату бағамы – 5,21 теңге.

8 қазанда әлемдік биржаларда мұнай бағасы да өсіп жатыр.

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың бағасы 2,47 долларға көтеріліп, барреліне 102,67 долларды құрады.

Нью-Йорктегі NYMEX биржасында Light маркалы мұнайдың бір баррелі 1,9 долларға қымбаттап, 90,18 долларға жетті.

Таңертең Ұлттық банк белгілеген ресми бағам бойынша доллар – 447,14 теңге, еуро – 500,35 теңге, рубль – 5,24 теңге болды.

8 қазанның бірінші жартысында Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында шетел валютасының қандай бағаммен сатып алынып, сатылғанын осы жерден білуге болады.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!