Мексикалық рестлер жекпе-жек кезінде 75 жастағы төрешінің өліміне себеп болды

16:45, 8 қазан 2026
MKZ: 1571283

© Сурет: pexels

Мексикада рестлинг жекпе-жегі кезінде қайғылы жағдай болды. Көрермендер 7 қазанда өткен кездесу барысында 75 жастағы төрешінің қаза болғанына куә болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жекпе-жек кезінде 36 жастағы, Сын Фишман деген лақап атпен өнер көрсететін рестлер төрешіні рингке лақтырып, мексикалық рестлингте қауіпті әрі тыйым салынған "мартинете" әдісін қолданған.

Рестлинг әлемінде Эль Бухо деген атпен танымал 75 жастағы төреші Херардо Пиньеда орнынан тұра алмаған. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері оның қайтыс болғанын анықтады. Бұл туралы EL Heraldo de Mexico жазды.

Рестлердің ұсталғаны белгілі болды. Қазіргі таңда оған абайсызда адам өліміне себеп болды деген айып тағылып отыр.

2018 жылы мексикалық рестлинг – луча либре Мехико қаласының материалдық емес мәдени мұрасы мәртебесіне ие болды. Бұл спортта басты мақсат – қарсыласты жеңу ғана емес, көрерменге есте қаларлық оқиға ұсынып, күшті эмоция сыйлау.

Бұған дейін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы желтоқсан айында WBO нұсқасы бойынша бос тұрған әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізетіні хабарланған болатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!