Ұрмадым, шашынан ұстап сүйремедім: Шымкенттің экс-әкімінің ағасы сотта сөз алды

18:35, 26 шілде 2024

© Сурет: freepik

Астана қалалық сотында Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Марат Әйтеновтің ағасына қатысты іс қаралып жатыр. Оған бұрынғы әйелі Дана Атешованы балаларымен бірге үйден қуып шығып, сол кезде оны таяққа жыққан деген айып тағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төрағалық етуші судья Қанат Тобағалиұлы істің хаттамасын жариялады.

"2024 жылы 12 шілдеде сағат 16:00 шамасында Марат Айтенов Астанада үйдің бұрын сатылғанын, ал бұрынғы жұбайы үйді босатпайтынын біле тұра, сот шешімі барына қарамастан, көшіру амалы жүргізіліп жатқанын біліп, сол жерге келіп, Дана Атешоваға қатысты қасақана зорлық-зомбылық әрекеттерін қолданған: қолынан ұстап, артқа қайырып, жерге тізерлетіп, үйден екі қолымен сүйреп шығарған. Қорытындыға сәйкес, мойын, дене, қол мен аяқтарының жоғарғы және төменгі бөліктерінде көгері және ісіну түрінде дене жарақаттары бар. Осы жағынан алғанда, Әйтенов ҚР ҚК 109-1-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылық жасады", - деді ол.

Марат Әйтенов сол күні болған оқиғаны егжей-тегжей баяндады. Ол өз кінәсін мойындап, болған оқиғаға өкінетінін айтты. Бірақ бұрынғы жұбайының денсаулығына қасақана зиян келтірмегенін баса атап өтті.

"Мен Атешова Дананы ұрған жоқпын, шашынан ұстап, сүйремедім, оған қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған жоқпын, балаларыма қауіп төнген жағдай болды. Ал әкелік міндетімді орындау үшін сол жерге бардым. Оның қолынан, аяғынан ұстадым, онысы рас, басын ұрып алмас үшін қолымды басына да қойдым. Оны шашынан ұстап, сүйреген жоқпын, мен оны сыртқа алып шықтым, ол құлап бара жатқанда қолынан ұстай алдым, қолымды басына да көлегейлеп қойдым. Ал шашынан сүйреді дегені жалған", - деді Марат Әйтенов.

Оның айтуынша, ол сол күні сот орындаушысының талабы бойынша ол араға келген. Өйткені пәтерден мәжбүрлеп шығару процедурасы жүріп жатқандықтан балаларды қауіпсіз жерге апару қажет болған.

"Жүріңдер, далада қалмайсыңдар, басқа пәтер бар, у-шудың керегі жоқ, барлығын ың-шыңсыз шешейік" дедім. Оған зиян тигізгім келмеді, жай ғана балаларды және оның өзін қорғағым келді. Ол арада сот орындаушылары болды, олардың көзінше бұрынғы әйелім мені төмпештей жөнелді. Сот орындаушыларынан ыңғайсызданып, оны көшеге алып шықтым. Ол жерге құлап, тастар болып, басын жарып алады ма деп қауіптеніп, қолымды оның басына қойдым. Мен мұның барлығын қарсылық көрсеткені үшін жауапкершілікке тартып жүрмес үшін істедім. Ал мұны ол түсінбеді. "Баспана бар, қамқорлық жасаудан қашпаймын" дедім оған. Мен оған басқа біреудің мүлкіне иелік етуге қалай рұқсат бере аламын? Үйдің сатылғанын және үйден шығару туралы сот шешімі барын біле тұра Дана Атешова оны босатқысы келмеді", - деді ол.

Марат Әйтеновтің бұрынғы жұбайын балаларымен бірге үйден қалай қуып шыққаны туралы желідегі видео қоғамда қызу талқыланды. Кейін ол бес күнге қамауға алынды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!