Ұлыбритания 25 ақпаннан бастап туристік және қонақ визасының жаңа түрін енгізді
© Сурет: pixabay
2026 жылғы 25 ақпаннан бастап Ұлыбритания билігі туристік және қонақ визаларын берудің жаңа тәртібіне көшті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Енді елге келетін қонақтар мен британ әуежайлары арқылы транзитпен өтетін жолаушыларға қағаз түріндегі виза жапсырмасы берілмейді. Оның орнына электронды форматтағы виза рәсімделеді. Бұл туралы елдің визалық орталығының ресми сайтында жарияланды.
"2026 жылғы 25 ақпаннан бастап паспортыңызда виза жапсырмасы болмауы мүмкін. Себебі электронды виза – бұл сіздің жеке басыңыз бен иммиграциялық мәртебеңіз туралы цифрлық жазба, ол бұрынғы визалық жапсырмаларды алмастырады. Енді сізге UKVI жүйесінде жеке аккаунт ашып, сапар алдында Ұлыбританияға кіруге берілген рұқсатты көру үшін электронды визаңызға қол жеткізу қажет болады",- делінген визалық орталықтың мәліметінде.
Яғни, виза туралы барлық ақпарат цифрлық форматта сақталады. Жолаушылар сапарға шығар алдында өз рұқсатын онлайн түрде тексере алады.
Бұл өзгеріс келесі санаттағы өтініш берушілерге қатысты:
- қонақ визасына үміткерлер;
- маусымдық жұмыс визасын алушылар;
- шетелдік үй қызметкерлеріне арналған виза иелері;
- әуежай арқылы транзиттік виза алушылар;
- ЕО азаматтарының мәртебесін реттеу бағдарламасы аясында отбасы мүшелеріне берілетін тұруға рұқсат алушылар.
Осылайша, Ұлыбритания визалық жүйені толықтай цифрландыруға көшіп, қағаз құжаттарды біртіндеп электронды форматқа алмастырып жатыр.
Бұған дейін Үндістанның Қазақстан азаматтарына тегін виза енгізетіндігін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:16, 26 ақпан 2026
Бельгиялық шоколадтан жасалған пойыз Гиннестің рекордтар кітабына енді
-
13:05, 26 ақпан 2026
Қайрат Нұртастың туған күнінде Жұлдыз Әбдікәрімова ерекше сый жасап, жүкті екенін хабарлады
-
12:56, 26 ақпан 2026
Мүгедектігі бар қызметкерлерді қосымша жұмысқа тартуға бола ма
-
12:42, 26 ақпан 2026
McDonald's Рамазан айында Германиядағы билбордтардан тағам бейнесін уақытша алып тастады
-
12:36, 26 ақпан 2026
Абай облысында 64 елді мекенді су басу қаупі бар





